МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ №12 ОБАНЫҢ АБСОЛЮТТІ МЕРЗІМДЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a15Кілттік сөздер:
Келес өзені, Мыңтқбе, Күлтөбе, қорым, оба, қалашық, қазба, керамикаАннотация
Келес өзенінің төменгі ағысында орналасқан Мыңтөбе қорымы мен оның маңындағы Күлтөбе қалашығында 2017 жылдан бері археологилық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы күнге дейін жүргізілген зерттеулерді нәтижесінде қорымда жерлеу дәстүрінің үш түрі, қалада алты құрлыс қабаты және қорым мен қаланың арасындағы байланыс анықталды. 2023 жылы қорымдағы №12 обада қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Т» түріндегі катакомбалық қабір анықталды. Қабірдің ішкі кеңістігінен (камера) жас өспірім қызға тиесілі қаңқа табылды. Топырақтың ылғалдылығының салдарынан қаңқаның өте нашар сақталғандығы белгілі болды. Қаңқамен қатар қабірден торсық, тостақ, қола қоңырау және құс бейнесінде жасалған алқа табылды. Бұлар сол кездің дүниетанымы мен материалдық мәдениетін бейнелейтін олжалар болып табылады. Мақсаты: Мақалада №12 обаның қабір құрылымы, жерленген қаңқаның жату қалпы мен арғы өмірлік тарту таралғылар тұтастай зерттеліп, абсолютті мерзімі анықтап, ғылыми айналымға енгізуді мақсат еттік. Ғылыми жаңалығы: жерлу орнынан табылған жәдігерлердің аналогтары негізінде болжамды мерзімдемесі Түркия Республикасындағы «ТУБИТАК МАРМАРА» зертханасында жасалынған радиоуглеродтық C14 сараптамасының қорытындысымен салыстырмалы түрде талданып, жерлеу орнының абсолютті мерзімі анықталды. Зерттеу әдісі: Мақаланы жазу барысында дәстүрлі зерттеу әдісімен қатар жаратылыстану ғылымының зерттеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар, ArcGis, AutoCad және ArcMap компютерлік графикалық бағдарламаларды пайдалана отырып сызбалар дайындалды. Нәтижелер: қорымдағы №12 обаның архитектуралық ерекшелігі, жерлу дәстүрі, материалдық мәдениеті мен абсолютті мерзімі анықталды.