АЛМАТЫ ЖӘНЕ АНКАРА ХАЛЫҚЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a4Кілттік сөздер:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Түркия Республикасы, Анкара қ., көші қон, мәдениет, қалалық мәдениет, демография, этномәдени үдеріс, этнос, статистика.Аннотация
Мақалада Алматы және Анкара қалаларының тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық, көші-қон жағдайы және Алматы қаласының этникалық құрамы қарастырылған. Ұсынылған зерттеу тақырыбының өзектілігі, қазіргі әдіснамалық деңгейде зерттеулердің болмауына байланысты. Алматы мен Анкара қалаларының этномәдени, демографиялық процестерін салыстырмалы зерттеу отандық және түрік тарихи-этнологиялық ғылымындағы маңызды ғылыми зерттеулердің бірі болып табылады.
Мақсаты: ұсынылған тақырып Алматы және Анкара қалалары арасындағы этномәдени, этнодемографиялық, этномиграциялық процестерді салыстырмалы талдау және бағалау.
Ғылыми жаңашылдық: ғылыми айналымға автордың этнографиялық материалдарына, сауалнама нәтижелеріне, статистикалық және басқа да әдеби дереккөздерге тікелей сүйенетін осы тақырыпты ашатын жаңа деректер енгізілетін болады. Сонымен қатар, дереккөздерге демографиялық жылнамалар, Ұлттық санақ қорытындылары, бұқаралық ақпарат құралдары, отандық және түрік этнологтарының, тарихшыларының, демографтардың, әлеуметтанушылардың зерттеулері кіреді.
Осы тақырып бойынша алынған ғылыми нәтижелер тарих пен этнография, мәдениеттану және әлеуметтану, демография мәселелерін қозғайтын басылымдарда, Түркия мен Қазақстанның қала тұрғындары арасындағы қазіргі этномәдени және демографиялық процестер бойынша еңбектерді дайындауда кеңінен қолданылады және қол жеткізілген болжанған нәтижелер отандық және шетелдік тарихи-этнологиялық және әлеуметтанулық ғылымның дамуына айтарлықтай әсер етуіне сенеміз.
Зерттеу әдістемесі объективтілік пен тарихи заңдылыққа негізделген ғылыми танымның жалпыға бірдей танылған принциптерін құрайды. Аталған ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша талдау, синтез, тарихи жүйелілілк, сондайқ-ақ тарихи салыстырмалы, хронологиялық және статистикалық тәсілдер сияқты жалпыға белгілі әдістерді қолдану көзделеді.