ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫ ЖӘНЕ СЛАВЯНДАР

Авторлар

  • К. Т. Жумагулов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • A. Akynova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-188
        725 245

Аннотация

Еуразия даласында Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірінде Византия империясы өзімен көршілес варвар тайпаларымен және корольдіктермен байланыстар орнатты. Шығыс Рим империясына жақын жатқан тайпалардың бірі славяндар болды. IV-VII ғасырларда славяндар Византия территориясына еніп, олар Шығыс Рим империясымен байланыстар жүргізді. Соңғы уақыттарда отандық тарихнамада Византия империясының сыртқы саясаты мен осы дәуірдегі өзімен іргелес қоныстанған тайпалармен көршілік қатынастары туралы ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Ұсынылып отырған ғылыми мақала осындай еңбектердің бірі болып, онда Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Византия империясы және онымен көршілес славян тайпалары арасындағы саяси-әлеуметтік байланыстары мен өзара жүргізген соғыстары қарастырылады. Славяндардың Оңтүстік-Шығыс Еуропа жерінде пайда болуы мен олардың Византиямен саяси, сауда және әлеуметтік байланыстары ауқымды процестерді құрады. Ерте ортағасырлық латын деректері мен түрлі ғылыми материалдарды талдаудың негізінде Шығыс Рим империясының іргесінде славяндардың пайда болуы мен күшеюі, салт-дәстүрі мен әлеуметтік тарихы және Империямен көршілік қатынастары зерттеледі. Сондай-ақ, ғылыми жұмыста Шығыс Рим императорларының славяндарға қатысты саясаты, славяндардың Византиямен ұстанған саяси байланыстарының деңгейі мен тарихи маңыздылығы анықталады.

Жүктелулер

Как цитировать

Жумагулов, К. Т., & Akynova, A. (2018). ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫ ЖӘНЕ СЛАВЯНДАР. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 88(1), 120–127. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-188

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая