АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ НУМИЗМАТИКАСЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ (Б. З. VI–XVIII ҒҒ.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-017
        90 26

Аннотация

Бұл мақалада Алматы қаласымен Алматы облысының аумағында табылған монеталарды зерттеу тарихы қарастырылады. Мақаланың мақсаты – ғылыми білімді көрсету және Алматы қаласымен Алматы облысының ақша айналымы саласындағы нумизматикалық зерттеулерді дамыту перспективаларын анықтау. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, Алматы және Алматы облыстарының нумизматика мәселелері бойынша материалдар жинау, талдау және жүйелеу бойынша зерттеудің мынадай міндеттері айқындалды. Зерделеу барысында негізгі зерттеулердің үш тобы – бастапқы, далалық зерттеулер, нумизматика туралы материалдар мен жинақталған монографиялық сипаттағы ғылыми әдебиеттер және ғылыми мақалалар қарастырылды.Алматы мен Алматы облысының нумизматикалық материалдары бойынша қазақстандық ғылымда бар зерттеулер зерделеніп, талданды. Алматы мен Алматы облысының түрлі кезеңдеріндегі нумизматиканы зерттеу тарихын көрсететін жұмыстар егжей-тегжейлі зерделенді.Нумизматикалық материалдар бойынша ғылыми жұмыстардың тарихнамалық талдауыбізге нумизматика мәселелерінің кеңдігін анықтауға мүмкіндік берді. Алматы мен Алматы облысының нумизматикасын зерттеу тарихының суретін жаңғырту үшін олардың мүмкіндіктері мен перспективалары айқындалды.Зерттеудің негізгі бөлігі жеке монеталар мен монеталар көмбелерін зерттеу деректерін қамтитын археологиялық материалдардағы жұмыстардан тұрады. Атап айтқанда, Алматы қаласының аумағында табылған монеталардың Алматы облысының аумағында табылған монеталармен салыстырғанда тарихнамалық базасы кен екенін атап өтуге болады.Сонымен қатар табылған монеталардың көпшілігінің орналасқан жері туралы ақпарат жоқ. Өз кезегінде монеталарды ғылыми бекітудің болмауы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесінің ерекшелігі мен даму тенденцияларына теріс әсер етеді.

Кілт сөздер: нумизматика, монеталар, Алматы, Алматы облысы, Қарахан дәуірі, шағатайдтар, тарихнама.

Авторлардың биографисы

И. Т. Қазмадиярова, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты

Казмадиярова Інкәр Тұрсынғалиқызы – PhD, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Алматы, Қазақстан. Е-mail: inkarkaz@gmail.com

E. Ш. Ақымбек, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Алматы, Қазақстан

Ақымбек Ералы Шардарбекұлы - Ph.D, Археологиялық технология зертханасы және орта ғасыр археологиясы бөлімінің меңгерушісі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Алматы, Қазақстан. Е-mail: eraly_a@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Қазмадиярова I. T., & Ақымбек, Е. . (2024). АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ НУМИЗМАТИКАСЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ (Б. З. VI–XVIII ҒҒ.). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 114(3). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-017

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология