Оңтүстік Қазақстанға жер аударылған халықтардың еріксіз еңбегін өнеркәсіпте пайдалану

Авторлар

  • Benediktas Shetkus Литва эдукологиялық ғылымдар университеті
  • Ye. Pazilov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-186
        54 26

Аннотация

Кеңестер Одағындағы гректер тарихының ең қайғылы беттерінің бірі сталиндік депортациялау шарасы болып табылады. Сталиндік депортациялау шараларының нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында тұратын гректердің басым көпшілігі Қазақстанға жер аударылды.
Бұл мақалада понтикалық гректердің Оңтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде Кентау қаласына депортациялануы және олардың аймақтағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі талқыланды. Мақаланың негізгі мақсаты – гректердің Кентау қаласына қоныс аударуы және жұмысқа орналасу барысында кездескен қиыншылықтарын, күнделікті өмір концепциясы аясында қарастыру болып табылады. Мақала екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде понтикалық гректерді Оңтүстік Қазақстанға депортациялануы қарастырылса, екінші бөлімде Кентау қаласындағы грек диаспорасының қалыптасуы туралы айтылады. Сонымен қатар, депортацияланған гректердің еріксіз еңбегін өнеркәсіпте пайдалану жолдары да қарастырылады.

Жүктелулер

Как цитировать

Shetkus, B., & Pazilov, Y. (2018). Оңтүстік Қазақстанға жер аударылған халықтардың еріксіз еңбегін өнеркәсіпте пайдалану. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 88(1), 103–110. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-186

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая