XIX ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазан қаласының қазақ студенттері: іс жүргізу құжаттамасы және деректанулық талдау

Авторлар

  • Г. С. Сұлтанғалиева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-8875-0572

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-07
        111 110

Аннотация

Бүгінгі күні  Ресей империясының  жоғары оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің тарихи құжаттарын жүйелеп,  тарихы мен тағдырын қайта құратын зерттеу жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Осыған сай, менің мақаламның мақсаты - императорлық Қазан университеті және ветеринарлық институтта оқыған қазақ студенттерінің іс қағаздарына талдау жасау. XIX ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы қазақ студенттерінің іс қағаздарына ғылыми талдау үшін тарихи дереккөздердің тұтастығын мәдени құбылыс ретінде қыбылдауға мүмкіндік беретін және ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының әлеуметтік-мәдени өзгерістерін зерттеу саласын ескере отырып, әлеуметтік зерттеулерді кеңейту үшін мүмкіндіктер ашатын жүйелі тәсіл мен деректану синтезі пайдаланылды. Зерттелген құжаттардың түрлік құрамы әр түрлі: белгілі бір факультет студенттерінің, жоғары оқу орындарының түлектерінің қатарына қабылдау туралы өтініштер, метрикалық куәліктер, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер; гимназияларды бітіргені туралы куәліктер; шәкіртақы алу туралы құжаттар, оқу бағдарламалары, емтихан құжатттары және т.б. Қазандағы қазақ студенттерінің іс жүргізу құжаттамасының деректанулық талдауы перспективалы болып шықты, өйткені XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ студенттері өмірінің аз зерттелген жақтарын ғана ашпай, сонымен қатар, өз балаларын бейінді және жоғары оқу орындарында оқытудың маңыздылығы заңдылыққа айналған қазақ отбасыларының бейнесін ашуға мүмкіндік берді. Сәйкесінше, Қазан қаласы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ зиялы эқауымын қалыптастырудың бір орталығына айналды.

Түйін сөздер: Қазан университеті, Қазан ветеринарлық институты, іс жүргізу құжаттамасы, деректанулық талдау

Автордың биографиясы

Г. С. Сұлтанғалиева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.д., профессор, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: sultаngаliеvаgulmirа@gmаil.соm

Жүктелулер

Как цитировать

Сұлтанғалиева, Г. С. (2024). XIX ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазан қаласының қазақ студенттері: іс жүргізу құжаттамасы және деректанулық талдау. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 113(2), 84–94. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-07

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества