1917-1953 ЖЫЛДАРДАҒЫ КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИСЛАМДЫҚ САЯСАТЫ (АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-07
        71 32

Аннотация

Мақаланың мақсаты- кеңес мемлекетінің 1917-1953 жылдардағы ислам діні мен діндарларға қатысты саясатының негізгі аспектілерін қарастырып, Ақтөбе облысы материалдарына  негіздеп, талдау болып табылады. Сонымен қатар, ислам дініне қатысты шектеулер мен қуғындау саясатының Ақтөбе облысы бойынша ерекшеліктері мен  большевиктер билігінің орнауы кезіндегі қоғамдық-саяси жағдайын, одақтас республикаларда жүргізілген саясаттың Ақтөбе өңіріндегі көрінісі мен облыс территориясында ислам дінін жоюға арналған жарлықтар мен қаулыларды талдау болып табылады.1929 жылдан бастап Кеңес Одағының барлық конфессияларын аяусыз қудалау басталды. Бұл кезеңде жоғарыдан келген жарлықтар мен қаулылармен мешіттер жабылып, шіркеу құндылықтары тәркіленді. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде осы мәселеге қатысты төралқалардың хаттамалары мен үзінділері бар. Дінге қарсы үгіт-насихатпен айналысқан ұйымдардың бірі – «жауынгер Құдайсыздар» ұйымы. Бұл ұйым 1925 жылдан бастау алып, бөлімшелері барлық облыстарда, соның ішінде Ақтөбе облысында да құрылған. Мақала дайындау барысында ҚР-ның Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік архиві мен Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің құжаттары, Ақтөбе өңірінде шығарылған ғылыми зерттеулер қолданылды. Дереккөздермен жұмыс жасауда объективтілікті қамтамасыз ету үшін автор осы діни сипаттағы саясатты жүргізген Қазақстанның басқа аймақтарынан алынған құжаттар мен материалдарға салыстырмалы талдау жүргізді. Бұл жағдайда автор келесі әдістерді пайдаланды: нақты талдау, салыстырмалы тарихи, проблемалық-хронологиялық және статистикалық. Салыстырмалы тарихи әдісті пайдалана отырып, біз КСРО мен Ақтөбе облысында болған тарихи фактілер мен оқиғалардың объективті байланысын анықтадық, сонымен қатар Кеңестік Қазақстанның әртүрлі аумақтарында болған оқиғаларды салыстырдық. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – бұл 1917-1953 жылдардағы Кеңес мемлекеті мен діни ұйымдардың қарым-қатынасын Ақтөбе облысының территориясы мысалында зерттеудің тәжірибесі. Мұрағат дереккөздерінен және монографиялардан алынған кең көлемдегі мәліметтерді, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы 20 ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдарын пайдалану арқылы, Ақтөбе облысы территориясында шекаралық жақындығына байланысты кеңестік саясаттың өте терең әрі жоспарлы түрде жүргізілгені негізделді.

Кілт сөздер: ислам, репрессия, ОГПУ, «діни толеранттылық» тактикасы, дінге қарсы үгіт насихат, құдайсыздар одағы.

Автордың биографиясы

Г. А. Мамбетова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

Гүлдана Абайқызы Мамбетова - тарих факультетінің докторанты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан. Е-mail: guldanamambetova@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Мамбетова G. A. (2024). 1917-1953 ЖЫЛДАРДАҒЫ КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИСЛАМДЫҚ САЯСАТЫ (АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 114(3). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-07

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества