1930-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ПОЛЬШАНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a9Кілттік сөздер:
Польша, КСРО, депортация, босқындарАннотация
Мақалада Екінші Речь Посполитаның КСРО және Германиямен дипломатиялық қарым-қатынасы, билеушілерінің аймақтық держава қатарына енуге құлшынысы, қабылдаған саяси шешімдерінің алғышарттары, Кеңес Одағымен ат құйрығын кесісіп, Германиямен ауыз жаласу себептері мен Англия және Франция сынды алдыңғы қатарлы елдердің Польшаға жасаған ықпалы жан-жақты қарастырылды. Орын алған саяси оқиғалар нәтижесінде миграциялық үдерістердің кең етек жайып, босқындар санының ұлғаюына, аталған уақытта депортацияны саяси құрал ретінде пайдалану әдістеріне жаңа қырынан баға берілді. Мақаланың мақсаты - Екінші Речь Посполитаның ұлттық және көші-қон саясаты мен алып мемлекеттермен байланысын зерделеп, Польшаның бөлініске салынуының саяси алғышарттары мен себеп-салдарын ақыл таразысына салу. Сонымен қатар, КСРО, Польша және Үшінші Рейхтің этнодемографиялық саясатын пайымдау маңызды. Нәтижесінде Қазақстандық зерттеушілердің жұмыстары, Батыс елдері зерттеушілерінің еңбектерімен қатар, кеңестік және посткеңестік ғалымдардың еңбектері пайдаланылып, Юзеф Пилсудский мен Юзеф Бектің саясатына деген пікірлеріне салыстырмалы талдау жасалды. Мақаланың нысаны - Польша үкіметінің алып елдермен жасасқан келісімшарттары. Салыстырмалы талдау, жинақтау, тарихи талдау әдістері қолданылды.
Осылайша, Екінше Речь Посполитаның ыдырауы Шығыс Еуропадағы көші-қонға себеп болып, этносаралық қайшылықтардың туындауына түрткі болды. Мәселені шешу үшін аталған елдер депортация саясатын жүргізді. Бұл оқиға Еуропаның саяси және демографиялық картасын түпкілікті өзгерткен еді.