Кіші Юечжилер - "жоғалған" жат тайпалары: Линь-и және Фунань

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-012
        78 72

Аннотация

Бұл мақалада Оңтүстік Сібірден тсат (қаз. жат) этнонимімен кеткен Кіші Юэчжи патшалығының этникалық дамуының нәтижесі ретінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Линь-и патшалығының тарихы қарастырылады. «Во-Кань» эпиграфиялық жазбалары негізінде Үндістаннан Қытайға және Үндіқытай елінен Гуптылердің (Кушан өркениеті) ықпалы сипатталады. Сонымен қатар шығыс деректері мен жазбалары бойынша Гуптілер тарихына талдау жасалады. Бұл деректердің тарихи құндылығы ерекше, өйткені Прей-нокорде Гупта империясы әкелген үндістандық ықпалда болған ерте Кхмер корольдығының құрылған уақыты көрсетілген және ол қазір де қолданылатын кхмерлік жазуға ұқсас солардың жазуымен (санскрит) жазылған. Автор Кіші юэчжи халқының жарты бөлігі шамасы, Сібірден келген шамандық «бон» ықпалымен анимистік және буддистік рәсімдерді араластырған индуизм, ислам синкреттігі үдерісінде жат (немесе тсат), кейіннен Чампа тілімен Фунань жиынтығындағы Линь-и 1835 ж. картадан жоғалып кеткен. Үлкен юэчжи Кушан мемлекетін құрып, кейіннен Үндістандағы «гупталар» (гот немесе жат) болды. Осы мақалада ұсынылған нәтижелер Азия тарихы және аймақтану саласындағы зерттеушілерді, сондай-ақ қызығушылықтары осы зерттеуде қарастырылатын тақырыппен тікелей байланысты оқырмандардың кең ауқымын қызықтырады.

Түйін сөздер: Линь-и патшалығы, Фунань, Кіші Юэчжи, Тсат- тілі, гупталар, жазбалар. 

Авторлардың биографисы

Ф. М. Шамшиденова, Алматы технологиялық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ. Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: fakiya_sh@mail.ru

У. А. Омарова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к., аға оқытушы, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Аламты қ.Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: unsiyakz@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Шамшиденова, Ф. М., & Омарова, У. А. (2024). Кіші Юечжилер - "жоғалған" жат тайпалары: Линь-и және Фунань. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 113(2), 144–153. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-012

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история