САРЫАРҚАДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫС ДӘУІРІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ АРХИТЕКТУРА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУІ

Авторлар

  • Г.Д. Біләлова Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы, Қазақстан, Астана қ-сы. https://orcid.org/0000-0003-1696-6144

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a3
        52 12

Кілттік сөздер:

Сарыарқа, Алтын Орда, Жошы Ұлысы, кесене

Аннотация

Мақалада Алтын Орда уақытындағы Сарыарқаның ғұрыптық-мемориалдық кешендерінің зерттелу тарихы туралы айтылған. Бастапқы исламның таралу үдерісінен пайда болған бұл ескерткішкер жөнінде  зерттеушілердің қөз қарастары жазылған.

Революцияға дейінгі кезенде ең жарқын және ірі ортағасырлық кесенелер, мазарлар мен қыш тақтайларымен жабылған құрылыстардың орналасуы анықталып, сипаттамасы берілген. Кесенелердің сипаттамасын өлкеміздің табиғи байлығын анықтауға жіберілген барлаушылар, саяхатшылар мен топографтар жасаған.

Зерттеу тарихының екінші кезені ХХ ғ. екінші ширегімен байланысты (1940 ж ортасы-80-шы жж.). Марғұлан Ә.Х. Сарыарқадағы керуен жолдарында орналасқан мемориалды кешендерді белгілеп сипаттаған. Сарысу, Кеңгір, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің алқаптары мен Батпақ даладағы кесенелердің ең көп шоғырланған аймақтары ашылған. Осындағы архитектуралық ескерткіштердің арақашықтығы 5-20 км құрайды және Сарысу керуен жолындағы ортағасырлық қоныстар мен қалашықтардың қирандыларын белгілейді. Әлкей Хақанұлының зерттеу жұмыстары арқылы Сарыарқа тек көшпелілердің отаны ғана емес, сонымен қатар отырықшы-егіншілік мәдениеті бар ел екенін айқындайды.

Сарыарқаның ғұрыптық-мемориалдарының зерттелуінде жаңа кезен ХХ ғ. 90-шы жылдары мен  ХХІ ғ. басын қамтып, Алтын Орда уақытындағы  кесенелердің арнайы іздестірілуі, ашылуы және археологиялық зерттеуімен байланысты.    

Өткен онжылдықтар бойы Алтын Орда дәуірі кесенелерінің орындарын тауып-анықтауына бірнеше рет К.А. Ақышев атындағы ғылыми-зерттеу институты (Астана қ.), Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты (Алматы қ.), Марғұлан Орталығы мен Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар қ.), Сарыарқа археологиялық институтының (Қарағанды қ.) экспедициялары қатысуда.

Автордың биографиясы

Г.Д. Біләлова, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы, Қазақстан, Астана қ-сы.

Біләлова Гүлзат Дулатқызы – Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы, Л.Н. Гумилев атындағыЕуразия ұлттық университеті, постдок, Астана қ-сы, Қазақстан к e-mail: gulzat_84@inbox.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Біләлова, Г. . (2024). САРЫАРҚАДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫС ДӘУІРІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ АРХИТЕКТУРА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 115(4). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a3

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества