«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

Авторлар

  • Х. М. Турсун Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан, Түркістан қ. https://orcid.org/0000-0002-8610-522X
  • Ж. Дюсембекова Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. https://orcid.org/0000-0002-5788-8683
  • Д. Айтмагамбетов Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0002-0853-3368

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-02
        85 45

Аннотация

Еліміздің тәуелсіздігі кезеңінде Отан тарихының кеңестік тарихнамасында қалыптасқан тарихи оқиғалар мен құбылыстарға қатысты тұжырымдар қайта қаралып, жаңа деректер негізінде жаңартыла бастады. Кеңестік тарихнамадағы шынайы тарихи бағасын алмаған оқиғалардың бірі кеңестік биіліктің алғашқы жылдарында еліміздің ұлттық-территориялық тұтастығының қалыптасу тарихы болатын. Мақалада осы мәселе Түркістан өлкесінде 1920-1925 жылдары шығып тұрған Түркістан коммунистік партиясы Орталық комитеті мен Түркістан Орталық Атқару Комитетінің баспасөз органы «Ақ жол» газетінің деректері негізінде қарастырылады. Алдағы жылы Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу саясатының іске асқанына 100 жыл толуы қарсаңында аталған мәселенің ұлттық идея деңгейде көтерілуінің тарихын ғылыми қалпына келтірудің маңызы зор.

2001-2002 жж. еліміздің мемлекеттік шекарасының халықаралық құқықтық және заңнамалық талаптарға сай делимитациялануы мен демаркациялануы осы тарихи оқиғаның тарихын ғылыми қалпына келтіруді қажет етеді. Жаһандану жағдайында мемлекеттер арасында геосаяси мүдделер арақатынасында мемлекеттік шекара туралы ғылыми білімдердің тарихи таным қалыптастыру үшін де барынша өзекті болып отыр. Көрші елдердің саясаткерлері мен мемлекеттік қызметкерлері тарапынан еліміздің мемлекеттік шекарасының тұтастығына күмән келтірген дәлел, дәйексіз мәлімдемелеріне тойтарыс бере алу үшін де мақалада осы өзекті мәселелерге қатысты деректік материалдарды талдап, сараптап ғылыми айналымға ұсынылып отыр.

Кілт сөздер: «Ақ жол» газеті, ұлттық идея, ұлттық-территориялық межелеу, С. Қожанов.

 

Авторлардың биографисы

Х. М. Турсун, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан, Түркістан қ.

Хазретәлі Тұрсын – тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарих кафедрасы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан, Түркістан қ. Е-mail: khazretali.tursun@ayu.edu.kz

Ж. Дюсембекова, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ.

Дюсембекова Жадыра – тарих кафедрасы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан, Түркістан қ.

Д. Айтмагамбетов, Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Айтмағамбетов Думан Рамазанұлы – т.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Қазақстан, Астана қ. E-mail: dumanad@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Турсун, Х. М., Дюсембекова, Ж., & Айтмагамбетов, Д. . (2024). «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 114(3). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-02

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества