САРАЙШЫҚ – ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ

Авторлар

  • М. С. Джангужиев Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университет, Орал,Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4459-984X
  • Г. Ж. Балжанова Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университет, Орал,Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4847-3013
  • Г. С. Саркулова Западно - Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана Уральск, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-2500-0560

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.015
        135 89

Кілттік сөздер:

ортағасырлық қалалар, Сарайшық, өркениет,Ұлы Жібек жолы, көне шаһар, Алтын Орда, Қазақстан қалалары.

Аннотация

Мақалада Сарайшық қаласының Алтын Орданың негізгі қалаларының бірі ретінде өркениеттер жүйесіндегі орны сипатталады. Ортағасырлық Қазақстан тарихында өзіндік орны бар ерекше қала Сарайшық қаласының саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және тарихи маңызы ашылған.

Авторлар қаланың географиялық орналасу ерекшелігінен бастап,  өркениеттер жүйесіндегі алатын орнына басты назар аударған. Сарайшық қаласына шетел тарихшылары мен ғалымдарының, саяхатшыларының да берген бағасы кеңінен сипатталған. Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалаларының өркениеттер тоғысқан жерде орналасуының маңызы қарастырылған.

Көне Сарайшық шаһары - ортағасырлық Қазақстан тарихында өзіндік ерекше орны бар қалаға жатады. Егерде еліміздің оңтүстік өңірі мен Жетісу өңіріндегі қалалық мәдениеттің көрінісін көптеген ортағасырлық үлкенді-кішілі қалалардан, қамалдардан, бекіністерден, елді-мекендерден көре алсақ, батыс өңірдегі қалалық — Сарайшық қаласы арқылы байқалады.

Қазақ хандығының алғашқы ресми мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне қызмет еткен тарихи тұлға Керей ханның ұлы Бұрындық ханның Сарайшықты мемлекеттің негізгі тірек-тұғыры ретінде пайдалануы саяси-стратегиялық және экономикалық жағынан ұтымды болды.

Себебі, Біріншіден Сарайшық өңірі – XV  ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда біржолата ыдыраған уақыттан бері саяси біртұтастықты көксеген Шығыс Дешті-Қыпшақ тайпаларының жайлы қонысы, тұрақты мекені болғандығы белгілі. Екіншіден Қазақ хандығы үшін стратегиялық-әскери жағынан қолайлы болды, үшіншіден, Сарайшықтың Ұлы Жібек жолының маңызды түйіні болуы – оның экономикалық тиімділігін де мойындататыны анық.

Авторлардың биографисы

М. С. Джангужиев, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университет, Орал,Қазақстан

Phd, аға оқытушы, "Рухани жаңғыру" орталығы, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті. Email: dsi-1949@mail.ru

Г. Ж. Балжанова, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университет, Орал,Қазақстан

оқытушы, "Рухани жаңғыру" орталығы,  Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.  Email: erlan.alataev@mail.ru

Г. С. Саркулова, Западно - Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана Уральск, Казахстан

аға оқытушы, "Рухани жаңғыру" орталығы,  Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті. Е-mail: galiyasarkulova@mail.ru

 

Жүктелулер

Как цитировать

Джангужиев, М. С., Балжанова, Г. Ж., & Саркулова, Г. С. (2024). САРАЙШЫҚ – ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 112(1), 186–193. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.015

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология