ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ МАЖАР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.09

Кілттік сөздер:

Мажар зерттеушілері, Орталық Азия, Қазақстан, Тарихнама, Тарих, Түркология

Аннотация

Бұл мақала мажар ғалымдарының Орталық Азия мен Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы зерттеулерін талдауға арналады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Орталық Азия мен Қазақстанда әртүрлі хронологиялық кезеңдердегі ғылыми зерттеулерін жүргізген Мажар зерттеушілерінің негізгі ғылыми бағыттарын талдау, бұл бізге Венгрияның тарихы мен мәдениеті саласындағы Мажар зерттеуші ғалымдарының жалғаспалы тізімін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Оған қоса, зерттелетін аймақ бойынша ғалымдардың жұмыс тақырыптары, сондай-ақ осы ғалымдар тізімінің жалғасу реттілігін талдау. Бұл зерттеуде біз қазіргі заманғы зерттеу әдістерінің бірі ретінде сұхбат және сауалнама әдістеріне сүйенеміз. Сапалық зерттеуді жүргізу кезінде сұхбат сұрақтарын құру үшін ашық сұрақтарға негізделген іріктеу әдісі қолданылды. Нәтижелер. Нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстанға ғылыми экспедициялар жасаған ғалымдардың тізімі жасалынды; қазіргі уақытта осы аймақта зерттеу жүргізіп жатқан мажар ғалымдарымен сұхбаттарр жиналды; олардың ғылыми бағыттарын, тақырыптары мен зерттеу мақсаттарын көрсетуге тырыстық. Қорытынды. Бұл зерттеу материалдарын тарихнама, тарих, түркология және басқа да. ғылым салаларында қолдануға болады.

Автордың биографиясы

С. И. Ковальская, Еуразия Ұлттық университеті

Профессор, тарих ғылымдарының докторы 

Жүктелулер

Жарияланды

2024-03-01

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история