XIX-XX ғасырдың басындағы қазақтардың дәстүрлі ат жарыстары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-177Аннотация
Мақала қазақ халқының ұлттық тарихында ерекше орын алатын ХІХ-ХХ ғғ. басындағы дәстүрлі ат спортына арналады. Осы спорт арасында әскери тұрмысқа қатысты, сонымен қатар қоғамдық шаруашылық қызметке қатысты әскери спорттық ойындар танымал болды (соғыстар, шабуылдар, қақтығыстар). Мұндай ойындардың қатарына сайыс, аударыспақ, жамбы ату, бәйге және т.б. ойындар жатады. Бұл ойындардың шығу тегі ежелгі заман мен ортағасырлық кезеңге жатқызылады. Онда спорт, әскери дағды, культтік дүниетаным мен магиялық іс-әрекеттер секілді өзіндік құбылыстар көрініп, Орталық Азия, Кавказ, Еділ бойы және Алтай халықтарының ойындарымен ұқсас келді. Олардың көпшілігі көшпелі ортада пайда болды және олардың тақырыбы, орны мен уақыты дүниетанымның ерекшеліктерін, экономикалық және мәдени іс-әрекеттерін, сондай-ақ көшпелі мал шаруалар мен отырықшы егіншілердің материалдық мәдениетін көрсетеді. Сонымен қатар, ойындар мен ойын-сауықтар әрдайым білім беру, әскери-спорт, салт-дәстүр, ойын-сауық-эстетикалық, коммуникативтік және т.б. сияқты қоғамдық функцияларды орындайды.