XІІІ-ХIV ғасырларда итальян мемлекеттері мен Алтын Орда арасындағы саяси қарым-қатынастар (итальяндық материалдар бойынша)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.08
        157 95

Аннотация

XІІІ-ХIV ғасырларда орта ғасырлық итальян мемлекеттері халықаралық қатынастарда өте белсенді саналды. Бұл кезеңде итальяндық мемлекеттер Жерорта теңізі мен Оңтүстік-Шығыс Еуропада және Таяу Шығыста кең көлемді саяси процестері жүзеге асырды. Сонымен бірге, итальян мемлекеттері сол заманда Еуразия даласында аса ірі империя болған Алтын Орда мемлекетімен де саяси, әлеуметтік, сауда-экономикалық қатынастар орнатты. Бұл туралы итальян тіліндегі деректер көптеген мәліметтер береді. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада, итальяндық деректер бойынша Алтын Орда мемлекеті мен ортағасырлық итальян мемлекеттері арасындағы әр түрлі байланыстар тарихы қарастырылады. Ватикан, Венеция, Генуя, Флоренция сынды қуатты итальян республикалары мен Алтын Орда мемлекеті арасында жүргізілген қарым-қатынастардың тарихы зерттеледі. Ғылыми мақаланың басты міндеттерінің бірі – итальяндардың Алтын Орда мен басқа да монғол ұлыстарымен жүргізген байланыстарының деңгейін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, итальян мемлекеттерінің аймақтағы саясаты мен өзіндік стратегиясына және көзделген мақсаттары мен жоспарына талдау жасалады.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhumagulov , K. T., Abdukadyrov, N. M., Mukhametkali, . A., & Tashkaraeva , A. M. (2023). XІІІ-ХIV ғасырларда итальян мемлекеттері мен Алтын Орда арасындағы саяси қарым-қатынастар (итальяндық материалдар бойынша). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 111(4). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.08

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история