Еуразия «көшпелі империяларындағы» билік және билеуші (мәселенің тарихнамасы)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-176Аннотация
Мақалада көшпелі империяларындағы билік пен билеуші саяси құбылысының концептуалды қорытындылары мен методологиялық парадигмалары қарастырылады. Ұсынылып отырған тарихнамалық сараптау көрсеткендей Моңғол империясында және көшпелі қоғамдарда билік күрделі және іштей құрылымданған саяси құбылыс болған еді. Теориялық-методологиялық құрудың тиімділігінің талабы зерттеушілердің алдына көшпелі құрылымдардың басқару институттарын зерделеуді, ғылыми білімнің жаңа сапасы біртұтас империялық құрылымға біріктірілген биліктің әртүрлі типтері мен модельдерін қайта қарастыруды қажетсінеді. Тарих ғылымы дамуының заманауи кезеңінде мамандар көшпелі қоғам құрылымының критерийлерін, модельдері мен типтерін талдап жасауға мүдделі болып отыр. Мұның өзі көшпелі империялардың саяси басқару жүйесі туралы анық пікір қалыптастыруға жетелейді. Көшпелілердің саяси институттары дамуының күрделілігі және әрқилы сипаты билеуші құрылымдарды, әлеуметтік және көшпелі империядағы трансформация үдерісінің ерекшеліктерін сараптауда жүйелілік қағидаларын қолдануды талап етеді. Тарихнамалық сараптау қазіргі тарих ғылымының көшпелі
қоғамның билік және билеуші институттарының қалыптасу мәселелерін көрсетеді, ізденіс
парадигмалары мен концептуалдық тұжырымдар мен көзқарастарын айқындайды.