1945-1991 жылдардағы Қазақ КСР мемлекеттік партия аппаратындағы ұлттық кадр саясаты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.02
        254 117

Аннотация

Аннотация. Жоғарғы партиялық басшылығы мемлекеттік және партиялық органдарда барлық ұлт өкілдерінің дұрыс өкілдік етуінің маңыздылығын атап көрсетті, сондықтан басшы кадрлардың құрамы халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, тілі саласындағы нақты қажеттіліктерінен бар халықтың ұлттық құрылымын жеткілікті түрде бейнелейді. Ұлттық кадрларды қалыптастыру партия басшылығының жіті бақылауында болды және КСРО ұлт саясатының маңызды элементі болды. Бұған дәлел КОКП ОК-нің көптеген мәжілістері, конференциялар, пленумдар, съездер, т.б.

Бұл мақаланың мақсаты – Қазақ КСР-дың 1945-1991 жылдардағы мемлекеттік-партиялық аппаратындағы ұлттық кадр саясатын талдау. Мұрағат құжаттары мен жарияланған статистикалық материалдарға сүйене отырып, авторлар кадрларды іріктеу және орналастыру үрдістерін бақылаған. Мақаланың негізгі мақсаты – 1945-1991 жылдар аралығындағы ұлттық кадрлардың динамикасы туралы деректерді талдау.

Мақалада Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатының және Ресей Федерациясының Мемлекеттік мұрағатының жарияланған және жарияланбаған мұрағаттық материалдары пайдаланылды.

Мақала IRN AP4972994 «Жас Ғалым» ғылыми жобасының «1945-1991 жылдардағы Қазақстандағы кеңестік ұлттық саясат және ұлтаралық қатынастардың мәселелері» атты ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жүктелулер

Как цитировать

Saktaganova, Z. G., & Baigozhina , G. . (2023). 1945-1991 жылдардағы Қазақ КСР мемлекеттік партия аппаратындағы ұлттық кадр саясаты. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 111(4). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества