Мұрағат құжаттарын цифрландырудың өзекті мәселелері: қазақстандық және шетелдік тәжірибе

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.01
        283 188

Аннотация

Мақалада цифрлық революция қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етіп қана қоймай, олардың қызметі мен мәніне қатысты түбегейлі өзгерістердің орын алуына ықпал етуде, бұл жайттан мұрағаттар да тыс қалған жоқ. Заманауи талаптарға сәйкес, тарихи құжаттардың зерттеушілерге қолжетімді болуы аса өзекті, сонлықтан оларды цифрландыру өте өзекті. Осы орайда заман талабына сай мұрағат құжаттарының электронды көшірмелерін цифрлық кеңістікте басып шығару өткен тарихты оқырманға қолжетімді етудегі маңызы ерекше болғанымен, бұл құжаттардың мемлекеттік маңызын, бірегейлігін, сапасын ескере отыры отырып жұмысты ұйымдастыру көпқырлы әрі мұқияттылықты, әртапартанған техникалық қамсыздандыру мен тиісті біліктілікті қажет етеді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты осы бағыттағы шетелдік мемлекеттердің озық тәжірибесі мен оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру және осы үдерістегі мемлекеттегі қызметті бағалау. Аталған ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың мұрағат құжаттарын цифрландыруға бағытталған еңбектері, сондай-ақ арнайы мемлекеттік бағдарламалары мен нормативтік-құқықтық актілер кеңінен қолданылды. Зерттеу жұмысының мақсатына жетуде жүйелеу және салыстырмалы әдістер кеңінен пайдаланылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде мұрағат құжаттарын жүйелі әрі жылдам цифрландыру үшін арнайы бағдарлама қабылданып, мемлекеттік деңгейде тиісті әдістемелік нұсқаулар әзірлеу қажет екені анықталды. Қорытынды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік база архивтік құжаттарды цифрландыру үшін жүйесіз және жеткіліксіз. Ғылыми зерттеу нәтижелерін мұрағат құжаттарын цифрландыру бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуде пайдалануға болады.

Авторлардың биографисы

T. A. Tulebaev, Казахский Национальный университет имени Аль-Фараби

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 71-үй, әл-Фараби даңғ., 050040, Алматы, Қазақстан

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

https://orcid.org/0000-0001-7376-9732. E-mail: tur-07@mail.ru

Victor Donninghaus, Гамбург университетінің жанындағы Нордост институты

Гамбург университетінің жанындағы Нордост институты директорының орынбасары (Линдентрассе 31, 21335 Люнебург, Германия)
Тарих ғылымдарының докторы, профессор

https://orcid.org/0000-0002-3124-4302.E-mail: v.doenninghaus@ikgn.de

 

Жүктелулер

Как цитировать

Tulebaev, T. A., Sydykova, A. A., & Donninghaus, V. . (2023). Мұрағат құжаттарын цифрландырудың өзекті мәселелері: қазақстандық және шетелдік тәжірибе. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 111(4). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.01

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества