«ЯСАУИ МӨРІНІҢ» ЕҢ КӨНЕ БЕДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-018Аннотация
Мақала Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты сақталған мөрлердің нұсқалары мен пайда болу тарихын айқындауға арналған. Қожа Ахмет Ясауи мөрлері туралы жазылған ғылыми зерттеулермен қатар, бүгінге дейін жеткен нұсқалары туралы жазып қалдырған ортағасырлық шежірешілер мен орыс ғалымдары және отандық, шетелдік зерттеушілер еңбектері, сондай-ақ, архив құжаттары дереккөз ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында Қожа Ахмет Ясауи мөрлері туралы жазба деректер талданып, сарапталады. Зерттеу нысанын анықтауда тарихи деректер мен тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстыру, болжам жасау, талдау тәсілдері қолданылды. Мақаладағы ғылыми нәтижелер тарихи танымымызды толықтырып, өскелең ұрпаққа халқымыздың діни-рухани тарихын танытатын болады. Сонымен қатар, еліміздегі діни-рухани туризмді дамыту бағытында пайдалануға болады.
Кілт сөздер: Қожа Ахмет Ясауи, Мөр, Сопылық, Жазба деректер, Тарихнама, Насабнама, Ислам діні.