РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ИСЛАМҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ: ПОСТКЕҢЕСТІК ТАРИХНАМА

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.09
        145 218

Аннотация

Жаңа тарихи шынайылық жағдайында ұзақ уақыт үстем болған идеологиялық таптаурындардың жойылуы Ресей империясының Түркістан өлкесіндегі діни саясатын қарастыруға мүмкіндік беріп, іргелі еңбектердің пайда болды. Бұл өз кезегінде посткеңестік дәуір тарихшыларының арасында қарастырылып отырған мәселе туралы өзіндік тұжырымдардың пайда болуына әсер етті. Нақтырақ айтқанда, кей тарихшылар исламды елемеу саясатының оң тұстарын анықтаса, ал басқа зерттеушілердің жұмыстарында мұның астарлы және теріс аспектілері сараланады. Ғалымдар уақыптық жерлер, білім беру орындарының жағдайы және мұсылман діни қызметкерлерінің мәртебесін талдау арқылы империяның исламға қатысты саяси доктринасының мәнін ашады. Патша өкіметі орыс шаруаларын Түркістан өлкесінде қоныстандыру арқылы жергілікті мұсылман халықтарын мәдени ассимиляциялау мен шоқындыруды көздегені негізделді. Сарапшылар Ресей империясының исламға қатысты саясаты құбылмалы және түрлі геосаяси факторлармен байланысты болғанын ашады. Посткеңестік тарихшылар отаршылдық жағдайында ислам институттарының дағдарысқа түсуі және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ушығуы Әндіжан көтерілісінің басты себептері екенін көрсетеді. Қорытындыда қарастырылып отырған мәселенің тарихнамалық нәтижелері жасалып, ортақ тұжырымдар мен әлі де пікірталас тудырып отырған тұстары белгіленеді. Сондай-ақ, мәселені одан әрі зерттеуді қажет ететін проблемалық тұстары көрсетіледі.

Жүктелулер

Как цитировать

Akimbek Z. А. (2023). РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ИСЛАМҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ: ПОСТКЕҢЕСТІК ТАРИХНАМА. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 110(3). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.09

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества