Осман империясы мен Орта Азия халықтары арасында мәдени және рухани байланыстарда қажылықтың рөлі (ХІХ-ХХ ғғ.).
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-011Аннотация
ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында Осман империясы мен Орта Азиядағы түркі-мұсылман халықтарының арасындағы саяси, әлеуметтік және мәдени салаларда байланыстар тереңдей түсті. Осман империясының сұлтаны Ислам әлемінің халифі және қолдаушысы ретінде Орта Азиядағы түркі-мұсылман халықтарын қолдап отырды. Анадолы мен Түркістан түркілерінің арасында қарым-қатынастардың бір бағыты – мәдениет пен рухани саладағы байланыстар болып, бұл салада Қажылық сапардың маңызы өте зор болды. Қажылыққа келген ортаазиялық мұсылмандар Осман империясында ұзақ уақыт қалып, мұнда Ислам руханияты мен мәдениетімен терең танысты және діни білімін тереңдетті. Жинаған мәліметтері мен алған білімін өз еліне барған соң мәдениет пен рухани тәрбиеге және діни білімге пайдаланды. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада, Осман империясы мен Орта Азия халықтары арасында мәдени және рухани байланыстардың дамуында Қажылықтың рөлі тарихи тұрғыдан қарастырылады. Ғылыми мақаланың тақырыбы мәселенің нақты қырын айқындап – яғни Қажылықтың мұсылман халықтары арасындағы мәдени және рухани байланыстардағы рөлі мен үлесін көрсетеді. Зерттеу жұмысының мақсаты – Осман империясы мен Орта Азия халықтары арасындағы мәдени-рухани байланысты дамытудағы қажылардың қызметін зерттеу болып табылады. Сондай-ақ Осман империясы мен Түркістандағы түркі халықтары арасында Пантүркизм идеясы мен панисламдық идеологияның дамуындағы Қажылықтың орны мен үлесі зерттеледі. Осман империясы мен Орта Азиядағы түркі-мұсылман халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар тарихы бойынша жаңа ғылыми талдаулар жасалады.
Кілт сөздер: Осман империясы, Орта Азия, Қажылық, Түркі халықтары, Мәдениет, Дін, Ислам.