Кіші жүз ханы Ералының саяси қызметі (1791-1794 жж.)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.05Аннотация
Мақалада XVIII ғасырдағы қазақ мемлекетінің тарихи тұлғалары арасында ерекше орын алатын Ералы ханның қоғамдық-саяси қызметі қарастырылған. Оның өмірі ел тарихындағы ең қиын кезеңмен байланысты. Ералы хан сол кездегі саяси ахуалдың болмысын жете түсініп, өзінің түсінігі мен әкесі Әбілқайыр ханның мемлекет мүддесіне бағытталған саясатына қолдау көрсете отырып, жан-жақты ойластырылған шешімдер қабылдауға тырысты. Ол XVIII ғасырдағы саяси оқиғаларда жоғары белсенділік таныта отырып, халқына адал қызмет еткен, орыс әкімшілігінің хан билігін жоюына қарсы күреске жетекшілік еткен хандардың бірі. Ұсынылып отырған еңбекте Әбілқайыр руы өкілдерінің Кіші жүзді және оған іргелес жатқан аумақтарды басқарудағы шешуші рөлі туралы қорытынды жасалған. Бұл кезеңде хандар қазақ қоғамында ғана емес, қазақ мемлекетінен тыс жерлерде де Шыңғыс хан әулетінің өкілдерінен сайланғандықтан, мақалада олар хан билігінің нағыз иелері ретінде көрсетілген. Зерттеу нәтижелері сол кездегі саяси жағдайдың күрделілігін, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатының әртүрлі векторларын жүргізу қажеттілігін көрсетеді. Дереккөздер, тарихи әдебиеттер мен мұрағаттық құжаттамалық деректер кешенін жүйелі талдау зерттеліп отырған мәселені мейлінше терең және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді. Біртұтас тарихи бейнені жаңғырту қазақ тарихының ұлы тұлғалары санатына енген Ералының көрнекті тұлғасын көрсетеді.
Түйін сөздер: Ералы хан, тарихи тұлға, Қазақ мемлекеті, Орынбор комиссиясы, қазақ-орыс қатынастары.