ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақ қоғамындағы әйелдер мәселесіндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің орны

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.011
        136 244

Аннотация

Аннотация. Мақала ХХ ғ. бас кезеңіндегі әлеуметтік-саяси қоғамдық құрылыстың жаңа моделіне көшудегі қазақ әйелдерінің жағдайы мен мәселелеріне арналған. Авторлар мақалада қазан төңкерісіне дейінгі қазақ әйелдерінің қоғамдағы әлеуметтік мәселесіндегі теңсіздік - бір жағынан қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлермен байланыстылығына назар аударады. Қазақ әйелінің теңсіздігі қалың малға сатылу, көп әйел алушылық, қалың малы төленген кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың екінші, үшінші болып шалдарға тоқалдыққа тиюі, әмеңгерлік салт-дәстүрдің  құрбаны болу, т.с.с. көріністердің тұрмыста кездесуін архив, баспасөз («Ақ жол», «Әйел теңдігі», т.б.) беттеріндегі деректермен айшықтаған. Кеңес өкіметінің қоғамдық құрылыстың  жаңа моделіне өтудегі алғашқы міндеттерінің бірі «әйел теңдігі» мәселесі болды. Әлеуметтік-саяси теңдікті орнату барысында әйел теңдігіне қол жеткізуде бірнеше заңдар мен ережелер актілерін қабылдады. Авторлар мақалада патриархалды қоғамдағы қазақ халқының әйел теңдігі мәселесін бірден мойындай қоймағанын, қазақ әйелдерінің теңсіздігі 1930 ж. тіпті 1950 ж. дейін жасырын түрде көрініс беріп қалатындығын нақты мысалдар келтіре отырып, көрсетуге тырысқан.

Кілт сөздер: қазақ қоғамы, әйел мәселесі, қалың мал, көп әйел алу, әмеңгерлік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр.

Авторлардың биографисы

М. А. Shashayeva, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Шевченко көш. 28, Алматы, Қазақстан

2 курс докторанты

S. Yildirim, Хаджеттепе университеті, Бейтепе, 06800, Анкара, Түркия

Қауымдастырылған профессор

Жүктелулер

Как цитировать

Kalshabayeva, B. K., Shashayeva М. А., & Yildirim, S. (2023). ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақ қоғамындағы әйелдер мәселесіндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің орны. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 109(2). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.011

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология