Қазақ шежірелерінің зерттелуінің өзекті мәселелері
Аннотация
Шежіре тарихымыздың алтын діңгегі болып табылады. Сонымен қатар, шежіре халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарихтың тармағы. Мақалада автор шежіретану саласының өзекті мәселелерін қарастырған. Оның ішінде шежіретану ғылымының қалыптасуын, даму тарихын сипаттап, ғұндар дәуірінен бастап Шыңғысхан бастаған моңғолдар үстемдік еткенге дейінгі Орталық Азия далаларында мекен еткен көшпелі тайпалардың шығу тегі мен ру-тайпалық қатынастарына талдау жасалған. Автор қазақ қоғамының қалыптасуындағы шежіренің ықпалын қарастырып, шежіренің қазақ қоғамында атқаратын қызметіне аса көңіл бөлген. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре барлық түркі халықтарында кездеседі. Шежіре бүгінгі күнге дейін өзінің дәстүрлік мағынасын жоғалтпаған. Шежіредегі тарихи-генеалогиялық материалдар этнос пен қоғамның құрылымын бекемдейді. Мақалада автор қазақтардың генеалогиялық құрылысын сипаттап, әлі де шежіре саласын зерттеу жұмыстары, оның ақтаңдақ тұстарын анықтау, жаңа деректер іздеу өз жалғасын таба беруі тиістігіне аса көңіл аударған.