Отан тарихының қасіретті беттерімен қайта таныстыру: Алаш Орда қайраткерлерінің қазіргі Қазақстанның көрнекі мәдениетіндегі бейнелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.05Аннотация
Мақалада еліміздің заманауи көрнекі мәдениетіндегі Алаш Орда партиясының қызметімен байланысты Қазақстан тарихындағы қайғылы оқиғаларды бейнелеу нысандары зерттеледі. Алаш партиясына қатысушылардың бейнесін зерттеу memory studies және trauma studies әдіснамасын қолдану негізінде қарастырылады. Мақаланың міндеті қасіретке толы заманға қатысты мәдени жадыны өзекті етіп, бейнелеу мәселелерін зерттеу болып табылады. Қазіргі заманғы кескіндеме, мүсін, дизайн және контемпорари арт ескерткіштеріне сүйене отырып, тарихи жарақаттың заманауи көріністері талданады, оларға сүйене отырып Жаңа Қазақстанның дамуына бағытталған өткен заманның мәні мен құдыреті ашылады. Террордың құрбаны болған тарихи тұлғалардың есімдерін атап, оларды әлеуметтік өріске енгізіп қана қоймай, осы жарақатты «пысықтау» жұмысына басты назар аударылады, сондай-ақ тұлғаларды еске алып, атап өту ғана емес, сонымен қатар өткенді ой елегінен өткізіп, ең жарқын сәттері мен мәселелерін паш ету міндеті қойылады.
Түйін сөздер: Алаш Орда, репрезентация, мәдени жады, жадында сақтау орындары, жарақатты «қайта көрсету», жарақатты «пысықтау», кескіндеме, мүсін, дизайн, контемпорари арт.