Қола дәуіріндегі Жетісу тұрғындарының қыш ыдыстары (Рахат археологиялық кешенінде жүргізілген далалық зерттеулер негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.021Аннотация
Мақалада Рахат өзенінің аттас шатқалының шыға берісіндегі жайылманың үстіндегі террассаларда, Талғар мен Есік қалаларының арасында, Орман шатқалына баратын жолдың бойында, Рахат қала жұртынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан қола дәуірінің кешенінен табылған қыш ыдыс фрагменттері қарастырылады. Бұл ескерткішті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы зерттеді. Кешен қола дәуірінің қонысы мен еске алу-жерлеу қоршауларынан тұрады. Қоныс пен обаларда сақ қауымдастығының, ерте және кейінгі орта ғасырлардың мәдени қабаттары бар. Ескерткіштің мәдени қабаттарын түсіндіруге арналған археологиялық дереккөздері – қола дәуірі кезеңіндегі қыш бұйымдардың фрагменттері. Бұл мақалада қола дәуіріндегі қыш ыдыстардың фрагменттері қаралады. Зерттеудің міндеті – жұмыс іздері бойынша қыш ыдыстардың фрагменттерін атрибуциялау, олардың арасында әр түріне тән белгілері бар жеке топтарды анықтау және қола дәуіріндегі тайпалардың экономикасында болған өндірістік процестерді белгілі бір дәрежеде қалпына келтіру. Алға қойылған мақсатқа жету үшін артефактілерді ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қола дәуірі коллекцияларымен салыстыру және салыстырмалы-түрпаттамалық талдау жүргізілді. Қыш ыдыс – кез келген археологиялық объекте ең көп таралған материал. Қыштың кез келген анықталған фрагменті оның ерекшеліктерімен байланысты, мысалға: көзешілер мектебі, бейнелеу мәдениеті, таңба, белгі жүйесі және т.б. Зерттелген артефактілерді талдау қола дәуірінде негізінен алдыңғы дәуірмен үздіксіз байланыс ретінде дәстүрлі түрде тас құралдары металлургия мен керамика өндірісінде минералдарды өндіру, өңдеу, кенді балқытуға дайындау және металл өңдеуде қолданылғанын көрсетеді. Бұл дегеніміз – тау-кен, мыс балқыту, егіншілік, аңшылық және үй шаруашылығында қолданылатын құралдар. Түйін сөздер: Рахат қала жұрты, қыш, коллекция, қола дәуірі, түрпаттама, археологиялық экспедиция, қоныс, талдау, ескерткіш, Іле Алатауының баурай