Шоқан Уәлихановтың шығыстану ғылымын дамытудағы рөлі

Авторлар

  • S. K. Uteniyazov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-3643-7517
  • Е. М. Turgunbayev Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • F. M. Shamshidenova Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-4323-7131

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.05
        112 70

Аннотация

Мақалада Қашғар сияқты жабық қаланы Ш.Ш. Уәлихановтың зерттеп, аймақтың өмірі туралы құнды материалдар жинағаны сипатталады. Сонымен қатар Тянь-Шаньды зерттеген география ғалымдары үшін картаға нақты объектілерді енгізгені, Орталық Азия халықтарының тұрмысы мен мәдениеті туралы көп мәліметті білуге мүмкіндік беретін этнографиялық зерттеулері қызықты. Дүниежүзілік ғылымға қосқан үлесі «Манас» эпосын жазып алып, зерттеуі – қазіргі күнге дейін мойындалған жақсы аударма. Оның «Алтышардың жағдайы туралы...» есебі қысқаша түрде жарияланып, ағылшын, неміc және француз тілдеріне аударылды. Толық мәтіні құпия болды, ол тек 1904 ж. жарық көрді. Бұл кітаптың жариялануы Шоқанды шығыстану ғылымындағы әйгілі ғалым ретінде танытты. Ғалымның қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті туралы зерттеулері – Қазақстан тарихының құнды дерегі. Ш. Уәлиханов өзі көрген жерлерді картаға көз мөлшерімен ғана есептеп түсіргенін атап өткен жөн. Қашғарға саяхаты кезінде геодезиялық және астрономиялық құралдары болған жоқ. Соған қарамастан ғылыми ізденістер жүргізіп, өзінің біліктігін көрсетті және өзі көрген жерлерді шебер талдап, сипаттады. Шығыстануға қатысты еңбектері қазіргі кезде де, замандастарымен салыстырғанда да әлдеқайда алда тұрды әрі ғылымда үлкен сілкініс жасады. Түйін сөздер: Ш. Уәлиханов, Қашғар, Қазақстан, Орталық Азия, шығыстану ғылымы, карталар.

Жүктелулер

Как цитировать

Uteniyazov, S. K., Turgunbayev Е. М., & Shamshidenova, F. M. (2022). Шоқан Уәлихановтың шығыстану ғылымын дамытудағы рөлі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 107(4), 36–43. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.05

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества