ТҮРКИЯДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ М.К. АТАТҮРІКТІҢ ТІЛ САЯСАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.010
        199 208

Аннотация

Түркия Республикасының құрылуы және билік басына М.К. Ататүріктің келуімен мемлекеттің идеологиялық саясаты халықтарды біртұтас ұлттың астына біріктіру принциптеріне негізделді. Ол үшін тіл, ұлттық саясат жүргізу қажет болды. Латын графикасына дайындық және оған көшу түрік тілін араб-парсы элементтерінен «тазарту» саясатын жүргізілді. Ұлттық саясаттың негізінде «түрік ұлтының» саналық жағынан өзіне сіңіру әдістерін жүзеге асыру болып табылды. 1923 жылы жаңадан құрылған мемлекеттің әрбір азаматы ұлтына қарамастан ресми құжаттарда түрік деп көрсетіле бастады. Ұлттық бірегейлік саясатты М.К. Ататүрік нәтижесінде бүкіл Түркия халықтарының бірігуіне әкелді. Бұл саясатты жүзеге асыру қатал әдістерді қолдануды да, кертартпалық көзқарастағы дін өкілдерімен күресуді де, жаңа әліпбиді күштеп енгізуді де талап етті. Бұл жаңашылдықтар мен араб графикасынан бас тарту мәселесі халықтың ішіндегі кейбір топтардың наразылығын тудырды. М.К. Ататүрік саясатының мазмұны мен негізгі мақсаттарында біртекті ұлтты қалыптастыруын атап өтіп, қазіргі Түркия ұлттық мемлекеттілік моделін құра білді деп ерекше көрсету қажет. Бүгінгі таңда жалпы қоғамды идеологияландыруға және оның оңшылдар және солшылдар болып бірнеше ағымға бөлінуіне қарамастан, ұлттық қауіпсіздікке сырттан қауіп төніп тұрғанда, Түркия халқының ұлттық тұтастық сипаты күшее түседі. Оның дәлелі Р.Т. Ердоғанның қазіргі ішкі және сыртқы саясаты және Таяу Шығыс пен Қара теңіз аймағындағы ұстанымы дәлел бола алады. Әрине, бұл тарихи үдерістер өзектілік деңгейін және мәселені зерттеу қажеттілігін арттырады. Бұл зерттеуде тарихи сабақтастық, мазмұндық талдау, тарихилық принципі, қазіргі саясатты салыстырмалы талдау және ұлттық бірегейлік үдерісін жан-жақты қамту, тіл саясатындағы тараптардың сыни көзқарасы пайдаланылды.

 

Түйін сөздер: Түркия, М.Қ. Ататүрік, тіл саясаты, ұлттық бірегейлі

Жүктелулер

Как цитировать

Egamberdiyev М. S., & Krzywdziński М. (2023). ТҮРКИЯДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ М.К. АТАТҮРІКТІҢ ТІЛ САЯСАТЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 108(1). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.010

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история