Қытай және Қазақстан қазақтары: санымен орналасуы (19-20 ғғ.)
Аннотация
Мақалада Қазақстан, Қытай және АҚШ, Еуропа ғалымдарының гуманитарлық әдебиеттері негізінде ХІХ және ХХ ғасырлардағы Қазақстандағы қазақ халқының демографиялық процесінің ерекшеліктері мен Қытайдағы қазақ халқының қалыптасуы ашып көрсетіледі. Қазақстанның ішінде де, шет елде де, әсіресе, Қытайда трансұлттық халық құрай отырып қазақ халқының саны өзгерістерге ұшырады. Демографиялық ахуалды зерттеу қазақ халқының әлеуметтік даму тенденциясын ғана емес, қазақ халқының мәдениетін дамыту ерекшеліктерін де түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада Қытай мен Қазақстанда қазақ халқының санының өзгеру кезеңдері, Ресей империясы, Кеңес Қазақстан және Қытай Халық Республикасы санағының статистикалық материалдары талданады.