Түркістан өлкесінде балық кәсіпшілігінің дамуы (XIXғ.-XXғ. басы)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.03Аннотация
Мақалада ХІХ-ХХғғ. Түркістан өлкесінде балық кәсіпшілігінің қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының архивтерінің деректік қорларындағы жаңа құжаттық материалдардың жəне объективтік зерттеу принциптерінің негізінде талдау жасалды. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. Ресей империясы әкімшілік-саяси реформалар арқылы Қазақстанда басқарудың дәстүрлі жүйесін жойып, генерал-губернаторлықтарға, округтерге бөлшектеді, нәтижесінде этникалық бірлігі, тұтастығы бұзылды. Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады. Мақалада Қазақстандағы балық шаруашылығын дамытудағы өңірдің өзіндік ерекшелігі мен маңыздылығы айқындалды. Түркістан өлкесіндегі балық кәсіпкерлігінің қалыптасуының алғышарттары мен оның дамуына тікелей ықпал еткен ішкі және сыртқы факторлар, оңтүстік өлкеге тән ерекшеліктері, балықшылардың әлеуметтік және этникалық құрамы баяндалады.
Түйін сөздер: Балық кәсіпшілігі, Түркістан өлкесі, Сырдария облысы, балық аулау ісі, балық өңдеу.