Гайдер Әлиевтің Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтірудегі рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.011Аннотация
Жалпыұлттық көшбасшы, сәулетші және тәуелсіз Әзірбайжан мемлекетінің негізін қалаушы, әлемге әйгілі саясаткер, мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевтің жалпыға бірдей сүйіспеншілігі мен оның рухына деген шексіз құрмет біздің мыңжылдық тарихымыздың бірде-бір кезеңінде бірдебір мемлекет басшысына бұйырмаған. Гейдар Алиев – XX ғасырдағы Әзірбайжан саясатының ең көрнекті қайраткері және XXI ғасырдағы Тәуелсіздік бағытының сәулетшісі. Оның практикалық дипломатияға қосқан үлесі көптеген жылдар бойы зерттелетін болады және әр жолы жаңа шеберлік табыла береді. Бұл процесс шексіз. Гейдар Әлиев мұны өзінің саясатымен әлемге жоғары деңгейде көрсетті. Осыған байланысты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын салу кезінде ұлы көшбасшы көрсеткен даналықты, ұстамдылықты, табандылық пен белсенділікті атап өту қажет. Сол қанды жылдары да Ұлттық Көшбасшы Баку-Джейхан жобасы жалпы Еуразияның геосаяси динамикасын өзгертетінін әрқашан атап өтті. Бұл жоба кең ауқымда өзара тиімді қарымқатынастарды дамытуға, ынтымақтастыққа және жаңа деңгейге көтеруге ерекше үлес қосады. Сонымен қатар қауіпсіздік саласына сапалы өзгерістер енгізеді. Ұлы Көшбасшының дұрыс айтқанын тәжірибе растады. Әзірбайжан қазір бірнеше маңызды халықаралық энергетикалық және көлік жобаларының бастамашысы. Ол – “Шығыс-Батыс” және “Солтүстік-Оңтүстік” дәліздерін іске асырудың белсендісі, “Жаңа Жібек жолы” жобасының белсенді қатысушысы. Гейдар Әлиевтің ұлт-азаттық философиясының негізгі қағидаттары біздің мемлекетімізді дамудың жаңа деңгейіне шығарды және оны маңызды геосаяси ойыншыға айналдырды. Әрине, бұл үдерісте Гейдар Әлиевтің сыртқы саяси бағыты маңызды рөл атқарды. Түйін сөздер: Кавказ, бейбітшілік, тұрақтылық, Гейдар Әлиев, Әзірбайжан, Армения, саясат.