ХVШ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ОРАЛ ЖӘНЕ ГУРЬЕВ ҚАЛАЛАРЫ: МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.01
        204 0

Аннотация

Аннотация. Мақалада еліміздің батыс өңіріндегі ХҮШ – ХХ ғ. басындағы урбанизация үрдісі тарихнамалық тұрғыда баяндалған. Аталған кезеңдегі қалалар тарихы бойынша көптеген еңбектер жарық көріп, арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Революцияға дейінгі кезеңдегі орыс саяхатшылары мен зерттеушілері еңбектерінде аймақтағы қалалардың қалыптасуы, аумағы, гидрогеографиялық және топографиялық ерекшеліктері, қала тұрғындары, олардың құқықтық және мүліктік жағдайы, шаруашылығы туралы мәселелер баяндалған. Дегенмен Атырау және Орал қалаларның тарихын зерттеуге арналған еңбектердің басым көпшілігі кеңестік кезеңде жарияланды. Олардың деректік негізі кең, ғылыми деңгейі жоғары болды. Бұл еңбектердің авторлары сол кездегі тоталитарлық тәртіптің саяси-идеологиялық, методологиялық ұстанымдарды басшылыққа алды. Сол себепті де оларда қалалардың негізделуі, экономикалық қатынастары, әсіресе әлеуметтік, демографиялық және мәдени дамуы туралы мәселелер біржақты, таптық-партиялық, кей жағдайларда «ұлыорыстық» ұстанымдар тұрғысында баяндалды. Аймақтағы қалалар туралы әртүрлі дәрежедегі, негізінен диссертациялық және монографиялық, еңбектерге талдау жасау арқылы авторлардың көзқарастары мен тұжырымдары айқындалып, қазіргі тарихи көзқарас тұрғысында баға берілген. Соның негізінде, ХҮШ – ХХ ғ. басындағы урбанизация үрдісінің толық зерттелмеген, зерттеуді қажет ететін мәселелері айқындалып, олар бойынша нақты ұсыныстар жасалған.

Түйін сөздер: урбанизация; қалалар; тарихнама; тарихи көзқарас; әлеуметтік-экономикалық даму.

Как цитировать

Тulebaev Т. A., & Medesheva, I. B. (2023). ХVШ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ОРАЛ ЖӘНЕ ГУРЬЕВ ҚАЛАЛАРЫ: МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХНАМАСЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 108(1). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.01

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества