ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ПЕН БОСҚЫНШЫЛЫҚ (1920 ж. соңы – 1930 ж. басы)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.015
        469 507

Аннотация

Мақалада архивтік деректер негізінде Қазақстандағы 1928-1933 жылдардағы ашаршылық пен ашаршылықтан Қазақстанның өз ішінде және көрші мемлекеттерге ауа көшкен қазақ босқындарының жайы қарастырылады. Кеңес билігінің халыққа салған астық және ет салығының салдарынан Қазақстандағы мал басының күрт жойылып, ет пен сүт тағамдары өнімдерінен айырылған қазақ халқының аштыққа ұшырап қынадай қырылуына әкеліп соқты. Аштықтан аман қалудың амалын іздеп, ауа көшкен жүз мыңдаған қазақ босқынға айналып, тағдыр тәлкегіне түсті. 1928-1933 жж. аралығында ашаршылықтың құрбанына айналған халқымыз ұлттық мәдениетінен айырылып, әлеуметтік жағдайы оңалмастай құлдырағаны деректер негізінде сараланады. Маңғыстау түбегін мекендеген қазақтардың, 1930 жылдары кеңес билігінің жазалауынан қашқан бай, молдалар мен аштық кезіндегі босқындардың Түрікменстан арқылы Каспий теңізінің жағалауынан өтіп, Иран жеріне қадам басқан аймағы «Мазандаран» провинциясы деп аталатын. Жылдар өткен соң қазақтар негізінен аталған провинцияның Горган, Бәндәр, Түрікмен және Гомбәд-е Кауыс атты қалаларынан шеткері жағына, жергілікті тұрғындардан оқшау жерге қоныстанды. Осы елді мекенді түрікмендер «қазақ ауылы» атаған. Ол ауылдар уақыт өте келе аталған қалаларға қосылып шаһар аумағымен бірігіп кеткендігі де айтылады. Мақалада Қазақстаннан ауа көшкен босқындардың іргелес жатқан Ресейге, Қырғызстан, Өзбекстан Түрікменстанға Иранға, Ауғаныстанға, Қытайға кетулерінің себептері мен босқындардың өзге елге жетіп аман қалғандарының күн көрісі мен сол жерлерге бейімделулерінің тарихы талданады.

Жүктелулер

Как цитировать

Issenov, O., & Kudaibergenova, A. (2022). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ПЕН БОСҚЫНШЫЛЫҚ (1920 ж. соңы – 1930 ж. басы). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 145–157. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.015

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая