1964-1985 ЖЖ. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.010Аннотация
Бұл мақала 1964-1985 жылдардағы Орталық Қазақстанның ауыл тұрғындарының тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй мәселелерін шешу тәжірибесін зерттеуге арналған. Қазақстан мен Ресей Федерациясының мұрағат қорларынан алынған мұрағаттық материалдар негізінде авторлар тұрғын үй қоры мен тұрғын үй құрылысының жай-күйіне талдау жасады, тұрғын үй және құрылыс ісінде жинақталған проблемалардың себептерін қарастырды. Зерттеу барысында бірқатар аудандардың ауыл тұрғындары арасында жиналған сұхбат материалдары пайдаланылды. Нәтижесінде өңірдің аграрлық аудандарындағы тұрғын үй проблемасын шешудің ерекшеліктері, Орталық Қазақстандағы ауылдық күнделікті өмірде құрылыс пен тұрғын үймен қамтамасыз етудегі қиындықтар мен олардың себеп-салдарлары анықталды. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне және ХХ ғасырдың 70-ші және 80-ші жылдарының бірінші жартысындағы құрылыс мәселесіне жергілікті билік назарының күшеюіне қарамастан, халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі төмен деңгейде болды. Авторлар атап көрсеткендей тұрғын үймен қамтамасыз ету мен құрылыстың жеткіліксіз дамуының негізгі факторларының арасында: материалдық-техникалық базаның нашарлығы, өңірдегі ауылдық елді мекендердің шалғайлығы мен шашыраңқылығы, көлік инфрақұрылымының төмен деңгейі, құрылысшы-мамандардың жетіспеушілігі және т.б. проблемаларды шешу көбінесе жергілікті басшылар мен мамандардың, сондай-ақ жергілікті жерлердегі тұрғындардың өздерінің іскерлігімен қамтамасыз етілді. Мақала материалдары Орталық Қазақстандағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік бейімделу проблемалары мен тоқырау жылдарында ҚазКСР-дағы ауылдық жерлердегі кеңестік мемлекеттік саясаттың түп-төркінін қарастыру үшін негіз бола алады.