Шілікті қорымындағы (Шығыс Қазақстан) ағаш бөренелерді эксперименттік зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.09
        75 49

Аннотация

Мақалада Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Шілікті-3 қорымының № 1 қорғанынан табылған ағаш бөренелердегі көзшелердің технологиялық қызметін анықтауға бағытталған эксперименттік зерттеу нәтижелері келтіріледі. Қабірхана ағаштарына жүргізілген дендрохронологиялық талдауға сәйкес қорған б.з.д. VІІ ғ. мерзімделеді. Қорғанның ағаш құрылысы жеті қатар қос бөренелерден тұрғызылған сатылы пирамидаға ұқсас. Ендігі жерде, құрылысқа қажетті орман жерлеу орнынан 25 км қашықтықта орналасқанын ескерсек, Шілікті бөренелеріндегі көзшелер жылқылардың көмегімен сүйреу үшін қолданылуы мүмкін деген болжамға келеміз. Аталмыш гипотезаны тексеру мақсатында алғаш рет далалық эксперимент ұйымдастырылып, оның міндеттеріне ағаш кесу маусымын анықтау, әрбір жұмысқа кеткен еңбек күшін есептеу, сонымен қатар жылқымен бөренені тасымалдау барысындағы ерекшеліктерді сипаттау жатты. Осылайша, зерттеу нәтижелері жоғарыда аталған бақылаудың дұрыстығын көрсетті, өйткені тасымалдаудан кейін бөрененің жұқа ұшында археологиялық дереккөзге ұқсас қиғаштық іздері байқала бастады. Жалпы алғанда, қабірхана құрылысынан табылған бөренелерді дайындау, өңдеу кезінде қолданылатын технологияларды эксперименттік тұрғыда зерттеу сақ қоғамының осыған дейін табиғи әрі дәлелдеуді қажет етпейтіндей болып көрінетін күнделікті өмірінің жаңа қырларына назар аударуға көмектеседі.

Жүктелулер

Как цитировать

Ayapova, D., Umitkaliev, U., & Toleubayev, A. (2022). Шілікті қорымындағы (Шығыс Қазақстан) ағаш бөренелерді эксперименттік зерттеу. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 84–89. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.09

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая