Теңіз-Қорғалжын аймағының шитті қасиетті сәулетін зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.08
        74 105

Аннотация

Мақалада далалық зерттеулердің нәтижелері берілген. 2020 жылғы далалық маусымда Нұра өзенінің Қорғалжын көліне құяр сағасынан Теңіз көліне құяр сағасына дейінгі аралықта өзен жағалауларына барлау жұмыстары жүргізілді. Далалық зерттеудің негізгі мақсаты бұрыннан белгілі шитті кесенелерді зерттеп, осы үлгіде салынған жаңа нысандарды іздеу болды. Жұмыста археологиялық нысандарды қашықтықтан зерттеу әдістері қолданылды, оның ішінде дүниежүзілік позициялау жүйесінде ескерткіштің координаттарын көрсете отырып картаға түсіру, сипаттау, суретке түсіру. Далалық жұмыстың алдында Теңіз-Қорғалжын аймағындағы қазіргі замандағы белгілі діни нысандар туралы мәліметтерді зерттеуге байланысты кабинеттіксараптамалық жұмыстың ұзақ кезеңі өтті. Жұмыстың осы кезеңінде археологиялық тәжірибеде жиі қолданылатын әдістердің бірі – табиғи аудандастыру әдісі қолданылды. Мақалада GPS координаталары көрсетілген зерттелетін объектілердің орналасқан жері туралы деректер келтірілген. Жер бедері сипатталып, кесенелердің өлшемдері мен сипаттамасы берілген. Далалық маусымда барлығы 8 кесене зерттелді. Бұл жұмыстардың нәтижесі зерттелген кесенелердің үшөлшемді модельдері мен визуализациясы болды. Даланың шитті архитектуралық ескерткіштерін сандық форматта сақтау аса қажеттілік болып табылады, себебі бұл көне дәуірлерден бастау алатын кейінгі ортағасырлық мемориалдық сәулет өнерінің жоғалып бара жатқан түрі болып табылады. Бұзылып бара жатқан шитті кесенелердің сандық 3D-модельдері тарихи дерек, қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде ғылым үшін баға жетпес құндылық болып табылады.

Жүктелулер

Как цитировать

Tleugabulov, D., Dukombayev, A., Iskakov К., & Vavulin М. (2022). Теңіз-Қорғалжын аймағының шитті қасиетті сәулетін зерттеу. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 75–83. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.08

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая