Алтын Ордадағы қыпшақ факторы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.05
        143 209

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Алтын Ордадағы моңғолдардың қыпшақтану үдерісіндегі қыпшақ факторының ықпалын жазба деректердің мәліметтері мен тарихнамалық материалдарды талдау негізінде қарастыру. Зерттеу материалдары: жұмыс жазба ескерткіштер мен тарихнамалық әдебиеттің материалдарын зерттеу мен талдауға негізделген. Зерттеу нәтижелері мен ғылыми жаңалығы: моңғолдардың қыпшақ этномәдени ортасына ассимиляцияға түсуі Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының Дешті Қыпшақты жаулап алуынан Қазақ хандығының құрылуына жол салған Ақ Орда мемлекетінің жергілікті этникалық негізде қалыптасуына дейінгі аралықты қамтитын үш хронологиялық кезеңнен тұрғаны анықталды. Бұл кезеңдер қыпшақ және моңғол мәдениеттерінің, мемлекеттік дәстүрлерінің, сондай-ақ түркі-моңғолдық ру-тайпалық жүйесіндегі күрделі этникалық үдерістердің қақтығысын көрсетеді. Соңында қыпшақ мәдениеті мен мемлекеттік дәстүрі моңғол мәдениеті мен дәстүрінен басым болып, этникалық тұрғыда моңғол ақсүйектері мен оның айналасындағылардың түркі қыпшақ ортасына ассимиляциялануы жүзеге асты. Алтын Орда мемлекетін жаулап алушыларының қыпшақтану үдерісіне ықпал еткен бес негізгі фактор (туыстық, демографиялық, сыртқы саяси, ішкі саяси, мәдени) айқындалды. Моңғолдардың қыпшақ этномәдени ортасында ассимиляцияға түсу процесі көрсетілген барлық факторларды ескере отырып, дала өркениеті мен түркі және моңғол көшпелі қоғамдарының ерекшеліктерімен байланыста кешенді түрде қарастырылуы тиіс. Алынған нәтижелер Ғұн империясы мен Түркі қағанатынан Орталық Еуразияның қазіргі түркі халықтарының мемлекеттері қалыптасқанға дейінгі Ұлы дала тарихын көшпелі түркі дәстүрі мен мәдениеті сабақтастығының тарихы ретінде түсінуге маңызды.

Жүктелулер

Как цитировать

Kumekov, B., & Kuzembayev, N. (2022). Алтын Ордадағы қыпшақ факторы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 41–53. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.05

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая