Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық актор ретінде: аймақтанушы сыны
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.03Аннотация
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылғаннан бастап сынға ұшырады: аталған сын оның болмысы мен ұйымдастырушылық құрылымына қатысты болғандықтан, оның аймақтың актор ретіндегі қызметі хақында біраз сұрақтар тудырды. Бұл жұмыстың мақсаты ШЫҰ қалыптасуының себептері мен шарттарын аймақтағы ресейлік және қытайлық қозғалыстардың призмасы арқылы талдау және олардың бұл ұйымның қалыптасуына қалай әсер еткенін анықтау. Аталған жұмыстың мәні – мұнда аймақтанудың әр түрлі мектептері – классикалық және жаңа аймақтану мектептерінің өзара әрекеттестігі қарастырылады. Классикалық тәсілердің аналитикалық құндылығы – ол мемлекеттің ықпалын бақылауға мүмкіндік береді, дегенмен де, бұл көзқарастары ұқсас және ортақ ережелері бар мемлекеттердің өзара әрекеттесуі жүретін институт ретінде ШЫҰ рөлін зерттеуге жеткіліксіз. Бұл тәсілдерді жеке пайдалану ШЫҰ жұмысындағы кейбір егжей-тегжейлерін бағалауға мүмкіндік бермейді, сол себепті аталған аймақтық ұйымның жұмысын сыни зерттеудің аймағын тарылтады. Бұл мақаланың пайда болуының қажеттілігі – аймақтық ұйымдарға арналған зерттеулердің теориялық икемділігінің жеткіліксіздігімен негізделеді. Соңғы мәселені жаңа өңіртану теориялары көмегімен айналып өтуге болады, бұл аталған мәселені зерттеуде жаңа көпжақты тәсілдерді қолдануға жол ашады.