Ресей империясының исламға қатысты саясаты: қазіргі шетелдік тарихнама

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.09
        78 116

Аннотация

Мақалада Ресей империясындағы мұсылмандар мәселесіне қатысты шет елдік авторлардың пікіріне талдау жасалынады. Империядағы конфессиялық саясатқа қатысты жазылған еңбектердің көпшілігі жаңа, әрі өзекті мәселелерді көрсетеді.

Соңғы жылдары Ресей империясында исламның таралуы және оның мұсылмандарға қатысты мемлекеттік саясатының діни аспектілері көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудыруда. Сондықтан да Ресей империясының жүргізген діни саясатында Уфада орналасқан Орынбор мұсылмандарының діни басқармасының рөлі мен маңызы өте үлкен болды. Осы мәселеге қатысты біршама авторлардың пікірін, олардың тұжырымдарына тоқтала отырып, оның қазақ даласына да тигізген әсері де көрсетіледі.

Әлемдік тарихтың қазіргі кезеңіне тән ерекшеліктерінің бірі діни фактор ықпалының негізінде зерттеу кең етек алып келеді. Осы тұрғыда құрамында көп санды мұсылман халықтары орналасқан Ресей империясының діни саясатын зерттеп жүрген шет елдік авторлар империяны күрделі әрі полиэтникалық мемлекет ретінде қарастырады. Алыс шетел зерттеушілерінде империяның әлемдік саясатқа араласу мақсатында діни факторларды алға тартуымен оны «конфессиялық мемлекет» концепциясы тұрғысынан зерттеу сипат алған. Әсіресе американдық зерттеушілер діни институттар арқылы Ресей империясының әртүрлі конфессиялық топтарын әлеуметтік реттеудің күрделі процесін көрсетеді. Соның ішінде мұсылмандар үшін ең маңызды парыз болып саналатын қажылыққа бару, оқу – ағарту  мәселесімен қатар әлеуметтік – экономикалық жағдайлар да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. 

Кілт сөздер: Ресей империясы, конфессиялық саясат, ислам, қажылық, дін.

Жүктелулер

Как цитировать

Қабдолдина, К. (2022). Ресей империясының исламға қатысты саясаты: қазіргі шетелдік тарихнама. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 107(4), 69–79. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.09

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история