Пәкістан пуштундары мәдениетінің тарихнамалық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.014Аннотация
Пәкістан пуштундары мәдениетінің тарихнамасын зерттеудің ғылыми ғана емес, сонымен бірге, саяси және практикалық маңызы бар. Пәкістанның пуштун мәдениеті ерекше әрі әрқилы, дегенмен зерттеу әлемі бұл мәселеге зейінді назар аудармай келеді. Бүгінгі күнге дейін тарихи әдебиеттерде Пәкістанның пуштун мәдениетіне қатысты ұлттық болмыспен, аймақтық және мәдени ерекшеліктермен, сондай-ақ діни-идеологиялық сипаттағы мәселелеріне байланысты жанама еңбектер жарияланды. Батыс және орыстілді зерттеушілердің жинақтаған фактологиялық тарихнамалық материалдары, сонымен бірге отандық ғалымдардың еңбектері Пәкістан пуштундарының әлеуметтік-саяси және мәдени дамуының негізгі тенденцияларын бір мезгілде анықтауға мүмкіндік береді. Пәкістандық пуштундармен салыстырғанда негізінен Ауғанстан пуштундарының діни-мәдени болмысына қатысты зерттеу материалдың ерекшеліктерін ескере отырып, көптеген авторлардың мәселені біржақты немесе идеологиялық тұрғыдан қарастырғандықтарын айтуға негіз бар. Осыған қарамастан, пуштундардың қазіргі және жаңа тарихының әртүрлі кезеңдеріндегі мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері олардың мәдени дамуының Пәкістан белуджиларына бейімделіп кеткендіктерін және негізінен олардың өміріндегі ислам дінінің әсерлі екендігін аңғартады. Пәкістанның пуштун мәдениетінің тарихнамасын осы күнге дейін арнайы кешенді зерттеу нысанына айналған жоқ. Осыған байланысты бұл зерттеуде батыс, орыстілді және отандық материалдардың ерекшеліктерін көрсететін компатартивті және салыстырмалы талдау мақсаты қойылды. Зерттеу үдерісінде тарихилық және бірқатар әдістерге жүгінуді көздейтін проблемалық-хронологиялық принцип пайдаланылды, атап айтқанда: терминологиялық талдау әдісі, хронологиялық, статистикалық, өмірбаяндық және жағдаяттық талдау әдістері.
Түйін сөздер: Пәкістан, пуштундар, мәдениет, тарихнама, ұлттық бірегейлік.