АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.021Аннотация
Алаш қозғалысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының өмірінде ерекше маңызға ие болған бірегей тарих кезең. Алаш қозғалысының тарихы бүгінгі ұрпақ, яғни біздер үшін соншалықты өзекті, үлкен сұранысқа ие болуы алдымен оның өкілдері болған арыстарымыздың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіндегі өз ұлтына деген кіршіксіз махаббат, Отанға деген адалдықпен тығыз байланысты. Алаш қайраткерлері сол заманның алдыңғы қатарлы оқымыстылары сияқты білім алып, аймақтық таңдаулы жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдады, зиялы тұлға болып қалыптасты. Қазақ халқы ғана емес, патшалық Ресей империясына тәуелді болған елдер үшін де түсініксіз, шиеленісті ХХ ғасыр басындағы саяси оқиғалар барысында, елді дүрліктірген қос төңкеріс жылдарында өз ұлтына тиімді болмақ бағытты дәл анықтап, ұлтты соңынан ерте білген де Алаш қайраткерлері болды. Алаш арыстарының қызметі тек саясат қана емес, патшалық Ресей құрамындағы қазақ халқының ауыр өмірі, әлеуметтік қиындықтарын шешу ісінде де ұйысып, басымдылыққа ие болған жұмыс бағыттары болды. Атап айтқанда қазақ халқының өмірін жақсартуды талап еткен, салықтың мөлшері мен түрлеріне қатысты, патшаның жүргізіп отырған аграрлық саясатын әшкерелейтін петиция жазып, мәселені ашық көрсетті. Түйін сөздер: Алаш, «ұлтшыл», «алашордашыл», «халық жаулары», «Айқап» «Қазақ» монархия, қазан, ақпан, революция, большевиктер, әскери террор, интеллигенция, коммунист, әдістемесі.