Мәннан Тұрғанбаев және «Қазақ тілі» газеті

Авторлар

  • N. E. Sailaubaeva Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0001-8283-1251
  • K. O. Sеitkazina Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0003-3057-7161

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.020

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты- Қазақ баспасөзінің тарихына айырықша назар аудару болып табылады. Әсіресе, 1919-1928 жылдары аралығында Семейде жарық көрген «Қазақ тілі» газетінің алғашқы бас редакторы Мәннан Тұрғанбаевтың басылымды шығару және оны қалыптастырудағы қомақты үлесін қарастыру. «Қазақ тілі» газетінде жарияланған Мәннан Тұрғанбаевтың қоғамдықсаяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әдеби тақырыптағы мақалалары ғылыми айналымға түсіріліп, зерделенді. «Қазақ тілі» газеті ең алдымен Семей губерниялық революциялық комитетінің органы ретінде 1919 жылдың желтоқсанынан 1922 жылға дейін Семей (Алаш) қаласындағы «Алашорда» («Жәрдем») баспаханасынан шыққаны анықталды. Ал, 1922 жылдың ақпан айының аяғынан бастап басылым 1928 жылдың 17 наурызына дейін Семей облыстық баспаханасы шығарылғаны талданды. Жалпы «Қазақ тілі» газетінің шығу тарихы және оның Қазақстанның қоғамдық-мәдени өміріндегі алатын орны газет жәрияланымдары, мұрағат құжаттары, ғылыми зерттеу еңбектер, баспасөз материалдары негізінде жан-жақты зерттелді. Сондықтан «Қазақ тілі» газетінің жарық көруі мен қалыптасуындағы Мәннан Тұрғанбаевтың редакторлық қызметі ашып көрсетілді. «Қазақ тілі» газетіндегі Мәннан Тұрғанбаевтың редакторлық қызметі мен жарияланған мақалалары және газеттің шығу тарихы бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастырылып отыр. Түйін сөздер: Шығыс Қазақстан облысы, қазақ баспасөзі, қазақ мәдениеті, қазақ қоғамы, әлеумет, саясат, тарих.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-11

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая