ЕСІК ҚОРЫМЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС ЖАТҚАН ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖЕТІСУДЫҢ ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЖЕРЛЕУ КЕШЕНДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.019Аннотация
Мақалада Есік-Талғар тасжолының оңтүстігінде, Есік-Рахат археологиялық кешенінің Рахат-Өрікті бөлігінің тізбегінде орналасқан Есік қорымы мен ерте көшпелілер дәуіріндегі нысандардың толықтырылған және нақтыланған деректері бар іргелес аймақтардың археологиялық ескерткіштерін сақтауға және пайдалануға байланысты нәтижелер баяндалған. Сонымен қатар, Есік қорық-музейінің қорғау аймағынан басқа Жетісудың таулы аймақтарында анықталған жерлеу-ғұрыптық ескерткіштерінің жаңа түрлері туралы бірер пікірлер қамтылған. Осындай ескерткіштердің бірі – Есік-Рахат археологиялық кешені.Зерттеу барысында Жетісу өңірінің классикалық сақ уақытының (б.з. д. V–IV ғғ.) кезеңделуіне, әлеуметтік жіктеліс мәселелері, идеологиялық ұстанымдары мен негізгі шаруашылығына байланысты сұрақтар қарастырылды. Бұл ізденістер алдағы уақытта ерте темір дәуіріндегі ежелгі тұрғындардың рухани және материалдық мәдениетін терең зерттеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге, авторлар тарихнамалық тұрғыдан зерттеуші ғалымдардың Жетісу өңірі сақ кезеңінің кезеңделу мәселесіне байланысты ой-пікірлерін сараптай отырып, бүгінгі күндегі кезегі келіп жеткен өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып өтеді. Методологиялық тұрғысынан археология ғылымында жиі қолданылатын картография, планиграфия және стратиграфиялық бақылаулар, типологиялық талдау, статистика элементтері мен әдістері барысында қорымдардағы ескерткіштердің құрылымдық ерекшеліктеріне қарай екі типке, топографиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа жіктеп қарастырдық. Түйін сөздер: Жетісу, Есік-Рахат археологиялық кешені, Есік қорымы, тау алды аймағы, сақ мәдениеті, қорғандар.