XIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс-ағылшын бәсекелестігі контексіндегі Орта Азиядағы ағылшын агенттерінің қызметі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.018
        185 282

Аннотация

Мақала XIX ғасырдың бірінші жартысында Орта Азия аумағына жіберілген ағылшын барлаушылары, дипломаттары, әскери қызметшілері, саяхатшылары мен ғалымдарының қызметіне арналған. Англияның аймақтағы саясаты Азиядағы өз иеліктерін қорғауға байланысты болды. XIX ғасырда бастау алып, бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін созылған аймақтағы ағылшын-орыс бәсекелестігі тарихта «Үлкен ойын» деген атпен қалған.. Қарастырылып отырған кезеңде бұл бәсекелестік негізінен өзара қауіптер мен әртүрлі барлау миссияларының жіберілуімен сипатталды. Оларды әскери қызметкерлер немесе ғалымдар басқарды, себебі олар жергілікті тілдерді білу немесе төзімділік сияқты ерекше қасиеттерге ие боуы қажет еді. Бұл барлаушылар берген ақпарат пен есептер тіпті империя саясатының бағытын анықтап отырды. Сондықтан олардың қызметін зерттеу Орта Азия тарихында маңызды болып табылады. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын агенттерінің қызметін, олардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін және олардың қызметінің аймақтағы орыс-ағылшын бәсекелестігінің барысына әсерін зерттеу осы мақаланың мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Орта Азиядағы ағылшын барлауының негізгі тұлғаларын анықтау; осы аймақтағы олардың қызметін, мақсаттары мен міндеттерін талдау; орыс-ағылшын қатынастарындағы ағылшын агенттерінің қызметінің ықпалын анықтау. Түйін сөздер: Орта Азия, Англия, Үлкен ойын, барлаушы, миссиялар, дипломат.

Жүктелулер

Как цитировать

Суйнова, А. Т., & Дюсембекова, Ж. К. (2022). XIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс-ағылшын бәсекелестігі контексіндегі Орта Азиядағы ағылшын агенттерінің қызметі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 183–194. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.018

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая