«ҚАЗАҚ» ЖӘНЕ «АҚ ЖОЛ» БАСЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ ТҮРКИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.013Аннотация
Мақала мазмұнында ХХ ғасырдың бас кезінде ұлттық сипатта жарық көрген «Қазақ», және «Ақ жол» газеттеріндегі «Сыртқы хабарлар» деп аталатын айдарында Осман империясының соңғы дәуірінде орын алған саяси оқиғаларды қысқа мерзім ішінде қазақ халқына жариялап отырғандығы баяндалады. Басылым беттеріндегі «Сыртқы хабарлар» топтамасы алғаш жарияланған күннен бастап Осман империясындағы орын алған оқиғаларға қазақ халқы аса қызығушылық танытты. Газеттің әр санында Осман империясы туралы жаңалықтарды хабардар болып отырған қазақтар халқы Осман мемлекетінде орын алған саяси жағдайларды жіті қадағалап отырды. Газеттің «Сыртқы хабарлар» топтамасында Осман мемлекетіне қатысты жарияланған барлық мәселелерді қазақтар жылы қабылдап, түріктерді бауырым деп санап, ауыр жағдайда қалған Осман империясына шама-шарқынша қолдау көрсетуге тырысты. Басылым беттеріндегі жария болған «Сыртқы хабарлар» айдарында Балқан соғыстары, жастүріктердің мемлекет басына келуі, Одақтас (Антанта) мемлекеттері мен Осман империясы арасындағы соғыстар, Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісі жайында баяндап отырды. Мақаланы жазудағы негізгі мақсатымыз Отан тарихының мазмұнын зерттеу жаңалау мен байыту жолдарының бірі ретінде Түркия мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы тарихи байланыстарды тереңдей зерттеудің қажеттілігінен туындайды. Түйін сөздер: «Қазақ» газеті, «Ақ жол» газеті, Осман империясы, Түркия, Түркістан, Балқан соғысы, сыртқы хабарлар, мерзімді басылымдар.