БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ТАРИХЫНАН

Авторлар

  • А. Ш. Журасова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ http://orcid.org/0000-0001-7813-1199
  • Д. C. Муталова Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0001-5614-938X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.012
        143 357

Аннотация

Мақала аясында Бөкей Ордасындағы білім беруді дамыту мәселелері талданады.Авторлар аймақтағы білім берудің жалпы дамуына, мектептер мен оқу орындарының пайда болу тарихына, сондай-ақ патша үкіметінің білім беру саласындағы саясатының мазмұнына егжей-тегжейлі талдау жасаған. Мақалада мектептер мен оқу орындарының ашылуына және қызмет жасауына байланысты тарихи фактілер қарастырылады. Мұрағаттық материалдар мен дереккөздер негізінде зерттеліп отырған мәселе шеңберінде мәліметтердің үлкен қоры ұсынылған. Мақалада мектептер саны, оқушылар контингенті, білім беру қажеттіліктері үшін ақша бөлу және т.б. туралы статистикалық материалдар келтірілген. Мақалада араб жазуын орыс графикасына көшіру туралы құпия циркулярлық хаттардың мазмұны, атап айтқанда Семей облысы генерал-губернаторының Батыс Сібір облысының генерал-губернаторына берген бұйрығы сияқты нұсқаулар, ережелер талданады. Авторлар патша үкіметінің білім саласындағы саясаты отарланған халықтарды орыстандырудың маңызды тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылғанын тұжырымдайды. Мақалада хан ордасындағы екі сыныптық мектепке айналған Орда мектептерінің ерекше инспекторы басқаратын орыс-қазақ мектептері, әйелдер мектебі, бастапқы сауаттылық мектептері, мұсылман мектептері, сондай-ақ бірінші орыс-қазақ мектебінің жұмысы туралы қызықты және мазмұнды тарихи материалдар бар. Түйін сөздер: Бөкей Ордасы, Хан ставкасы, білім беру, саясат, генерал-губернатор, циркулярлық хат, орыс алфавиті, орыс-қазақ мектептері.

Жүктелулер

Как цитировать

Журасова, А. Ш., & Муталова Д. C. (2022). БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ТАРИХЫНАН. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 117–126. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.012

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая