БАБРАК КАРМАЛЬ БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ АУҒАНСТАН (1979-1986 жж.)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.010Аннотация
Мақалада Б.Кармальдың шыққан тегі, студенттік шағында маркстік саяси қызмет пен революциялық істерге белсенді араласуы, сол үшін бірнеше рет сотталып түрмеде отыруы, серіктестерімен коммунистік саяси партия құру ісін қолға алуы айтылады. Саяси істерге белсене араласқан Б.Кармальдың 1965 жылы Ауғанстанның халықтық-демократиялық партиясы (АХДП) құруға белсенді атсалысқаны, 1967 жылы одан бөлініп «Парчам» фракциясына төрағалық еткені айқындалады. 1978 жылы мемлекет басшысы Н.Тараки тарапынан болған қысымның салдарынан елден аластатылып Чехословакияға елші болып кетуі, оның Прагада тыныш жатпай КСРО елшілігі арқылы Мәскеумен ымыраға келуі қарастырылады. 1979 жылы күзде Ауғанстан басшылығына Хафизулла Аминнің келген тұсынан бастап, Б.Кармальдың КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бақылауына алынып, билік үшін дайындық жұмыстарының жүргізілгендігі көрсетіледі. 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО басшылығының тікелей қолдауымен Ауғанстан демократиялық республикасының билігіне келуі, өзінің билік құрған жеті жыл ішінде жүргізген реформаларының нәтижесіздігі, кеңес әскерлерінің оның билігі тұсында елден шыға алмай көп қырғынға ұшырауы сипатталады. Ақыры Ауғанстандағы бейберекетсіздік және соғыстың сағыздай созылуы салдарынан биліктен кетуі мен өмірінің соңғы жылдары баяндалады. Түйін сөздер: Ауғанстан,Бабрак Кармаль, КСРО, Кабул, Мәскеу, Чехословакия, билік, партия, парчам, соғыс, түрме, армия.