АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ НУМИЗМАТИКА КОЛЛЕКЦИЯСЫ: ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.09
        76 95

Аннотация

Мақалада алғаш рет Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің нумизматика коллекциясы негізінде қорда сақталған және экспозицияға қойылған антикалық дәуірден бастап қазіргі заманғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі металл монеталарға талдау жүргізіледі. Авторлар нумизматика коллекциясының қалыптасу тарихын егжей-тегжейлі сипаттай отырып, ежелгі Грекиядағы Сиракуз қаласы және Боспор патшалығы кезіндегі тиындары (б.з.б. III–II ғ.), Тан әулеті мен түргеш монеталары, Қырым хандығының тиындары, Ресей империясының және т.б. бірегей нумизматикалық монеталарға жете тоқталады. Этнографиялық материал ретінде шеткі жағынан тесілген күміс монеталар сөзсіз үлкен құндылыққа ие. Зерттеушілер мақалада қазақтардың мұндай монеталарды салттық мақсаттарда, сондай-ақ XIX–XX ғғ. ортасында әйелдер әшекейлерінің элементтері ретінде пайдаланғаны туралы дәлелдейді. Қазіргі тәжірибеде бала туылғаннан кейінгі қырық күн – «қырқынан шығару» салт-дәстүрлерінде монеталар мен күміс әшекейлер әлі күнге дейін күнделікті өмірде қолданылады. Тиындарды әйелдердің бұрымына тағатын әшекейі «шашбауға» бекіткен, сонымен қатар тақия және тұрмысқа шыққан кезде киетін «сәукеле» сынды бас киімдерге сәндік ретінде таққан. Жалпы, Ақтөбе музейінің нумизматика коллекциясына мұндай зерттеу алғаш рет өткізіліп отыр. Түйін сөздер: нумизматика, коллекция, монета, музей қоры, зергерлік өнер, этнография, экспозиция.

Жүктелулер

Как цитировать

Утарбай, Б., Бекназаров, Р., & Кушкарова, Г. (2022). АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ НУМИЗМАТИКА КОЛЛЕКЦИЯСЫ: ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 89–99. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.09

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая