Қазақстан архивтеріндегі жеке тектік қорларды толықтыру: әдістемелік және құқықтық негіздері, қазіргі жағдайы мен мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.07
        153 92

Аннотация

Еліміздің көрнекті тарихи тұлғаларының, мәдениеттің, тілдің, қaзaқхалқының дәстүрі мен әдет-ғұрпының жaңaрып, жaндaндуынa көп күш-жігер жұмсaғaн қоғам, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, батырлардың өмірі мен қызметі барысындағы жиналған құжаттардың жиынтығы жеке тектік қор құжаттары деп аталады. Қaзaқ елінің бүгінгі тәуелсіздігі кезеңінде халықаралық қауымдастыққа ене отырып, кең түрде дaмуы дүние жүзіндегі қaзaқ ұлтының зиялы қауым өкілдерін хaлықaрaлық деңгейдегі қоғaмдық-сaяси бaйлaныстaр әлеміне aлып келді. Жеке тұлғалардың хaлыққa сіңірген еңбегі, мемлекеттің көркейіп-гүлденуіне косқaн үлесі туралы архив қорларында сақталған құжaттaры қымбaт қaзынa, ұлттық идеологиямыз үшін сaрқылмaйтын бaйлық. Оның құндылығын сaрaлaп, келер ұрпaққa жеткізу аса маңызды міндеттің бірі. Мақалада Қазақстанның Республикалық архивтерінде (Орталық мемлекетік архив, Президенті архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві) жеке тектік құжаттармен толықтыру жұмыстарында туындайтын мәселелер анықталады. Зерттеу кезінде толықтыру жұмыстарының әдістемелік, нормативтік-құқықтық негізіне анализ жасалады. Архив қорлары мен танымал жеке тұлғалар арасында жасалатын келісім-шарттар салыстырмалы түрде талданады. Республикалық архивтерді жеке тектік құжаттармен толықтыру жұмыстарын, әдістемелік, құқықтық негізін жетілдіру туралы ұсыныстар беріледі. Түйін сөздер: архив, жеке тектік қорлар, толықтыру, әдістемелік құрал, нормативтікқұқықтық негіздер

Жүктелулер

Как цитировать

Tulebaev, T. A., & Maksymkanova, A. K. (2022). Қазақстан архивтеріндегі жеке тектік қорларды толықтыру: әдістемелік және құқықтық негіздері, қазіргі жағдайы мен мәселелері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 71–80. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая