Кеңес үкіметіндегі дін мәселесі XX ғ. 60-80 ж. Шетел баспасөзі бетінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.015Аннотация
Бұл мақалада XX ғ. 60-80 жылдардың аяғындағы КСРО-ның діни саясатына талдау жасалып, Одақ территориясындағы діни ахуал мен діни қозғалыстың шетел баспасөз беттеріндегі жариялану мәселелері қарастырылған. Автор КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің мұрағат құжаттарын басшылыққа алады, себебі, аталған орган одақ территориясынан тыс жарық көрген мақала, ақпараттарды жинап, есепке алып отырған. Материалдар арасында АҚШ, Англия, Финляндия, Жапония, Франция, Голландия т.б. елдердің алдыңғы қатарлы журналдары мен басылымдары тұрақты жарияланған мақалаларда Кеңес Одағындағы діни ахуал, мұсылман және христиан дінбасыларының сұхбаттары, мемлекет және шіркеу арасындағы және басқа да мемлекеттермен қарым-қатынастарының кейбір аспектілері қаралған. Шетел баспасөзіндегі кейбір мәліметтер жоғарыда аталған ұйымның 70-жылдардағы статистикалық есептерімен салыстырылып, анализ жасалған. Автор Кеңес Үкіметіндегі шіркеу мен мемлекеттің қарым-қатынасы, басқа Орта Азия, араб мемлекеттерімен мұсылмандық және Еуропа елдерімен христиандық қауымдардың байланысы, 60 жылға жуық жүргізілген күрестің зардаптары мен нәтижелері қандай деген сұрақтарға КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің Қазақ КСР бойынша материалдарына сүйене отырып, талдау жасайды. Мақала авторы тарихи зерттеулер әдісі негізінде шетелдік баспасөздегі мақала авторларының бақылау әдістерін, ауызша тарихты пайдаланып, КСРО халқының «көрген және естіген дауысы» ретінде және Кеңес Одағына сапарын жеке тәжірибе ретінде сипаттағанына сүйене отырып, мақалалардың шынайылылығы мен объективтілігін дәлелдеуге тырысады. Мақаладағы тарихи деректер мен тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға болжам жасау, салыстыру және талдау жасау тәсілдері қолданылды. Түйін сөздер: шетел баспасөзі, Кеңес Одағы, діни бірлестіктерді есепке алу, атеист, дін істері жөніндегі кеңес, діни бостандық, шіркеу, мұсылман дінбасылары, кеңестік кезең, діндарлар.